авто

Переключатель языков

10.08.2023 ж. «АБАЙ – АҚЫН, АБАЙ - САЗГЕР»

АБАЙБүгін ұлтымыздың ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ағартушы, ғұлама Абай Құнанбайұлының туған күні. Осынау атаулы күн қарсаңында ҚР Мемлекеттік орталық музейі «Абай – ақын, Абай - сазгер» атты музыкалы-поэтикалық марафон өткізді. Мерекелік-шығармашылық серпінге толы шара аясында оқушылар ақынның «Құлақтан кіріп бойды алар», «Қыс», «Жазғытұры», «Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай мақтанба», «Қансонарда бүркітші шығады аңға» сынды көптеген өлеңдерін оқыды. Әншілер домбыра мен қобыздың сүйемелдеуі арқылы «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндерін орындады. Бұдан бөлек көрермендерге Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар көрсетіліп, «Зере әженің әңгімелері» және «Аңшы Абай» атты арнайы қойылымдар ұсынылды.

Марафонға «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының Алмалы филиалы мен «Жас қанат» филиалы, Бостандық ауданының «Бақытты отбасы» көпбалалы отбасыларға арналған орталығы, Алматы қаласы Білім басқармасының қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері мен Наурызбай ауданындағы көпбалалы отбасылардың және мұражай қызметкерлерінің балалары қатысты.

Шараға қолдау көрсетіп, белсенді атсалысқандары үшін жоғарыда аталған ұйымдардың тәрбиешілері мен ұстаздарына алғыс білдіреміз. Ұлы Абайдың шығармалары бізді оқу-білімге жетелеп, мейірімділікке үндей берсін!

 

«АБАЙ – АҚЫН, АБАЙ - САЗГЕР» «АБАЙ – АҚЫН, АБАЙ - САЗГЕР»
«АБАЙ – АҚЫН, АБАЙ - САЗГЕР» «АБАЙ – АҚЫН, АБАЙ - САЗГЕР»
«АБАЙ – АҚЫН, АБАЙ - САЗГЕР» «АБАЙ – АҚЫН, АБАЙ - САЗГЕР»

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source