авто

Переключатель языков

30.04.2021 ж. «Қытай Халық Республикасында туризмді дамыту арқылы кедейлікпен күресудің сәтті кезеңдері» атты халықаралық фотокөрмесі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Қытай Халық Республикасының Бас консулдығымен бірлесіп, 2021 жылдың 30 сәуірінде  «Қытай Халық Республикасында туризмді дамыту арқылы кедейлікпен күресудің сәтті кезеңдері» атты халықаралық фотокөрмесін ашады.

«Қытай Халық Республикасында туризмді дамыту арқылы кедейлікпен күресудің сәтті кезеңдері»Кедейлікті жою-бүкіл адамзаттың ортақ миссиясы. Халықаралық туризімді дамыту шеңберінде кедейлікті азайту жөніндегі қытай тәжірибесі қызығушылық тудырып отыр. Соңғы жылдары Қытай Халық Республикасы туризм, мәдениет және әлеуметтік экономиканың үйлесімді интеграциясына баса назар аудара отырып, кедейлікпен шешуші күрес жүргізуде. Орташа ауқатты қоғам құру және 2030 жылға дейінгі кезеңге орнықты даму саласындағы күн тәртібін жүзеге асыру шеңберінде Қытай үкіметі кедейлікті жою жөніндегі стратегияны іске асыруға және кедейліктен 98 миллионнан астам адамды шығаруға қол жеткізді, бұл халықтың 7% - ын құрады.

Туризм индустриясы Қытайдың жан-жақты қызметінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде біртіндеп күшейе түсуде және кедейлікті жоюда үлкен рөл атқарады. Қытай Халық Республикасы туризмді, ауыл шаруашылығын дамытуға және ауылдарды жандандыруға үлкен үлес қосуда.

«Қытай Халық Республикасында туризмді дамыту арқылы кедейлікпен күресудің сәтті кезеңдері» атты фотокөрмесі қытайдың 20-ға жуық елді мекенін мысалға ала отырып, кедейлікпен күресудің модельдерімен таныстырады. Фотокөрме материалдарынан музей көрермендері мемлекеттік бағдарламаның, жергілікті үкіметтің және коммерциялық құрылымдардың қолдауымен ауылдарда, қалаларда, автономды округтерде, уездерде, елді мекендерде кедейлікті азайтуға және кедейлікті жоюға бағытталған көптеген жобалар жүзеге асырылғанын көре алады.

БАҚ арналған брифинг 30 сәуір күні сағат 16.00 де өтеді.

Фотокөрме 2021 жылдың 12 мамырына дейін жалғасады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source