авто

Переключатель языков

27.10.2022 ж. «Діни мазмұнды қолжазбалар мен басылымдар (ҚР МОМ материалдары негізінде)» атты көрме

Ағымдағы жылдың 27 қазаны күні сағат 12.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінінің 3 залының арнайы алаңында Қазақстан Республикасы күні аясында «Діни мазмұнды қолжазбалар мен басылымдар (ҚР МОМ материалдары негізінде)» атты тақыртық көрме ашылды.

Атаулы көрмеге ҚР МОМ қорынан қолжазба Құран кітаптар мен тәпсірлер, Мұхаммадия және Мұхтасар кітаптар, грамматикалық оқулықтар мен сөздіктер және әртүрлі діни мазмұнды литографиялық баспа өнімдері қойылды. XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың бас кезеңдеріндегі діни мазмұнды басылымдардың атап айтқанда, Құран тәпсірлері, Мұхаммедия, Мұхтасар, грамматикалық оқулықтар, алуан түрлі діни мазмұнды кітаптардың бірсыпырасы - Қазан баспаханаларының туындылары. Кейбір Құран, діни мазмұнды кітаптар Петербор, Омбы, Орынбор, Ташкент, Самарқанд, Стамбул баспаханаларында басылып шыққан. Бұл Құрандар мен басылымдар әуелде аталмыш қалалардың мемлекет қарауындағы университеттері мен қазыналық баспаханаларда, сондай-ақ жеке меншік иелерінің (М.В. Чирков, Б.Л. Домбровский, ағайынды Мұхамеджан мен Шәріпжан Каримовтар және т.б.) баспаханаларында діни сауатты, дәулетті, бай кісілердің қаражатына басылып, қазақ даласына тарап отырған. Түркия, Мысыр, Үнді елінде басылып шыққандары да кездеседі. Құран кітаптардың барлығы дерлік жеке тұлғалардан сатып алынған.

Бұл діни мазмұнды қолжазбалар мен басылымдардың ішінен ең ескі қолжазба ретінде Құранның 1054 һ. /1643 м. жылы жазылған нұсқасын ерекше атауға болады (КП 3121). Сондай-ақ, ақын, жазушы, публицист, қазақ журналистикасының атасы Мұхамеджан Сералиннің әйгілі туындысы «Қожалар шежіресі (КП 18270.)» қолжазбасы да осы көрмеге арнайы қойылығанын атап өткеніміз жөн.

Көрмені Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі директоры Рашида Ерімқызы Харипова ханым ашты.

ҚР МОМ-нің Музейлік деректану және қолжазба бөлімінің жетекшісі Жасұлан Белтенов көрменің курторы ретінде оның құрылымы, қойылған жәдігерлері және мақсаты туралы қысқаша экскурс жүргізді.

Сонымен қатар, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Ғылым және инновация департаментінің директоры Палтөре Ықтияр Молдатөреұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қызметінің жетекші маманы Абикова Гүлшат Мәсәлімқызы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің шығыстану факультетінің ұстазы, Рhd докторы Ғалия Қамбарбекова сөз сөйледі. Көрменің ашылу рәсіміне Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы жанындағы мәдени өкілдігінің басшысы Алигар Маджид мырза және Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті шығыстану факультетінің ұстаздары мен студенттері қатысты.

Сондай-ақ, атаулы көрме аясында әлемдік деңгейдегі құснихат шебері Орынбасаров Асылбек Байұзақұлының араб-каллиграфиялық жұмыстары қойылып, автордың қатысуымен интерактивті сабақ өткізілді.

выставка «Рукописи и издания религиозного содержания (на основе материалов ЦГМ РК)». выставка «Рукописи и издания религиозного содержания (на основе материалов ЦГМ РК)».

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source