авто

Қателік
  • Error loading component: com_media, 1
  • Error loading module MySQL server has gone away SQL=SELECT m.id, m.title, m.module, m.position, m.content, m.showtitle, m.params, mm.menuid FROM ser_modules AS m LEFT JOIN ser_modules_menu AS mm ON mm.moduleid = m.id LEFT JOIN ser_extensions AS e ON e.element = m.module AND e.client_id = m.client_id WHERE m.published = 1 AND e.enabled = 1 AND (m.publish_up = '0000-00-00 00:00:00' OR m.publish_up <= '2024-07-18 08:35:09') AND (m.publish_down = '0000-00-00 00:00:00' OR m.publish_down >= '2024-07-18 08:35:09') AND m.access IN (1,1) AND m.client_id = 0 AND (mm.menuid = 394 OR mm.menuid <= 0) AND m.language IN ('kz-KZ','*') ORDER BY m.position, m.ordering

16.02.2023 ж. АУҒАННЫҢ ОТТЫ ЖАЛЫНЫ

ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде 2023 жылдың 16 ақпанында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуына арналған «Ауғанның отты жалыны» көрмесі ашылды.

Он жылға жалғасқан Ауған соғысы – Кеңес Одағы кезіндегі тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі. 1979 жылы желтоқсан айының 27-сінде КСРО әскерлері Ауғанстан аймағынан өтіп, 1989 жылдың ақпан айының 15-іне дейін соғыс қимылдарын жүргізген болатын. Оған Кеңес әскерінен 620 мыңға жуық жауынгер қатысты. Олардың арасында 14 мыңға жуық солдат майдан даласында қайтыс болды. Көптеген адамдар із-түссіз жоғалып кетті. Ал 50 мыңнан аса адам түрлі жарақат алса, 1000-ға жуығы түрлі топтағы мүгедек болып оралған еді.

Көрменің ашылу рәсімінде ардагерлерге алғыс білдірген Орталық музейінің директоры Рашида Харипова бүгінде бейбіт күнде өмір сүріп жатқанымыздың қадірін білу үшін соғыстың қаншалықты қасіретті болғанын өскелең ұрпақ ұғыну керек. Қазақ жауынгерлері Ауғанстан аумағында болған соғыста мемлекет үшін кеудесін оққа тосып, ерекше ерлік көрсете білді. Қан майданда жаулармен ұрысқан оларды ұлықтау бүгінгі ұрпақтың парызы деді.

Шараға қатысқан Ауған соғысы ардагерлері үйлестіру кеңесінің төрағасы Мұрат Әбдішүкіров, «Біздің үй Қазақстан» қоғамдық қозғалысының жетекшісі Ақбөпе Әбілқасымова, Ауған соғысының ардагері, «Көк байрақ» қоғамдық ұйымының төрағасы Әуез Бейсенбаев, Ауған соғысының ардагерлері Мұқан Мырзақұлов өз лебіздерін білдірді.

«Арыстан» мамандандырылған мектеп лицейінің оқушылары, шекара қызметінің ардагері Замзагул Кенжебаева ән шырқап, өз өнерлерін көрсетті.

Шара соңында қонақтар Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуына арналған «Ауғанның отты жалыны» көрмесін тамашалады. Музей қорынан 100-ден аса жәдігер, атап айтқанда, фотосуреттер мен құжаттар, кітаптар мен әскери жәдігерлер қойылды. Олардың қатарында Ауған соғысында құрбан болған және осы отты кешуден аман қалған қазақстандық жауынгерлер мен офицерлердің деректі материалдары (оқиғалардың куәгерлері мен қатысушыларының фотосуреттері, хаттары, куәліктері), наградалары мен жеке заттары. Көрерменнің ерекше қызығушылығын тудырған кеңес жауынгерлері мен офицерлерінің, сондай-ақ, олардың қарсыластарының әскери киім-мүліктері болды.

Көрме Қазақстанның «Жауынгерлік бауырластық» жергілікті соғыстар мен әскери қақтығыстар ардагерлері одағының және Алматы қаласындағы Ауғанстан соғысы ардагерлері одағының атсалысуымен ұйымдастырылды.

Көрме 2023 жылдың 5 наурызына дейін жалғасады.

афганистан афганистан афганистан

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source