18.05.2023 ж "Музей түні-2023" акциясының аясында музей қорындағы сирек кездесетін антикварлық жәдігерлер негізінде "Көненің көзі" атты көрме өтеді
Халқымыздың терең тарихынан сыр шертетін «КӨНЕНІҢ КӨЗІ» атты көрменің ашылуы «Музей түні - 2023» акциясындағы кезекті бір ерекше шара болмақ. Мұнда өте сирек ұшырасатын музейлік, антикварлық туындыларды кездестіресіз. Олар: музейдің археология қорындағы б.з.д. V - III ғғ. жататын қанатты тау текелердің мүсіндік бейнелері;, қазан қақпағының теке мүйізі тәрізді құрсауы;, Ысқақов Төлеген ұстаның «Нар-көрігі»;, қазақ ән өнерінің биік тұлғасы Әміре Қашаубаевтың «Айна-трилляжы» ;, Фатима ханшаның қызыл барқыттан тігілген бешпеті;, Тұран жолбарысының терісі секілді т.б аса құнды жәдігерлер. Құрметті, оқырман! Музейге келіңіз! Таным көкжиегіңізді кеңейтіңіз!