авто

Переключатель языков

18-20.11.2022 ж. «Шығыс Базары» атты халықаралық квилт-фестивалі

2022 жылдың 18-20 караша аралығында Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «Шығыс Базары» атты халықаралық квилт-фестивалі өтеді.

«Шығыс Базары» атты халықаралық квилт-фестивалі Фестивальді ұйымдастырушы – «Қазақстанның құрақ құрау шеберлері бірлестігі», жетекшісі Штрошерер Тамара Бекмұратқызы. Бірлестіктің басты мақсаты – құрақ деп аталатын сәндік-қолданбалы өнерге негізделген көркем квилт бағытын дамыту, өзіндік қолтаңбасы бар қазақстандық шеберлердің еңбегін әлемдік деңгейде таныту.

«Шығыс Базары» квилт-фестивалі Қазақстан, Германия, Швейцария, Ресей, Қырғызстан және тағы басқа елдердің қолөнершілерін бір-бірімен жақын таныстырып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Квилт-фестивалі жыл сайын ұйымдастырылады, 2022 жылы сегізінші рет өткізілмек. Қазіргі кезде өнердің бұл түріне деген қызығушылық артып, квилт өнерінің жанкүйерлері де көбейе түсті. Қатысушылар мен қонақтар мерекеге қатысып қана қоймай, тоқыма өнерінің шығармашылық әлемімен таныса алады.

Фестиваль бағдарламасында:

  • «Джинс Inspiration» байқауы. Байқаудың тақырыбы қоршаған ортаны қорғау мен көне заттарды ұтымды пайдалануға байланысты болмақ. Өнер және сән саласының мамандары үш номинация бойынша сайысқа қатысқан 129 үміткердің арасынан жеңімпазды анықтайды. Фестиваль демеушісі «Тігін машина үйі» компаниясы әр номинация бойынша анықталған жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар – bernette және VERITAS тігін машиналарын ұсынады. Ал фестивальдің бас демеушісі – BERNINA швейцариялық компаниясының өкілі гран-при сыйлығын табыстайды. Жұмысы үздік деп танылған шеберге премиум-класс тігін машинасы беріледі.
  • Қазылар алқасы:
    • Тамара Штрошерер – неміс патчворк гильдиясының мүшесі, RIVIA компаниясының негізін қалаушы – Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан (Германия) жеңіл өнеркәсіпке арналған әлемдік деңгейдегі жабдық өндірушілердің эксклюзивті дистрибюторы.
    • Гаухар Каппарова – әлемге әйгілі сәнді киім, аяқкиім және аксессуарлардың ірі дистрибюторы G&G компаниясының құрылтайшысы және бас директоры (Қазақстан).
    • Жания Аубакирова – Қазақ КСР халық әртісі, әдебиет және өнер саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ Ұлттық Консерваториясының экс-ректоры (Қазақстан).
    • Наталья Иванова – швейцариялық BERNINA компаниясының ТМД нарықтарындағы сату және маркетинг жөніндегі директоры (Ресей).
    • Галина Красникова – квилт-шебері, суретшілер одағының мүшесі, халықаралық квилт-фестивалдерінің бірнеше дүркін жүлдегері (Ресей)
    • Барбара Ланге – квилт-шебері, танымал «Patchwork Professional» журналының бас редакторы, «Patchwork Gilde Deutschland» экс-президенті (Германия).
    • Габи Фишер - квилт-шебері, «Freisinger Shnipsis» квилт-клубының қалаушысы (Германия)
    • Андрей Ткаченко – сәнгер, «Andres» брендінің және модельдік агенттігінің негізін қалаушы. Қаржы полиция қызметкерлерінің погондарының патентінің авторы, ол геральдикадағы көріністің ою-өрнек пен тігіншілігін тауып дамытқан (Қазақстан).
    • Баспасөз-конференция
    • Қазақстандық және шетелдік квилт-шеберлердің жұмыстарының көрмесі. Келушілер мен қонақтар халықаралық байқаулар, көрме мен фестиваль лауреаттары мен жеңімпаздарының жұмыстарын тамашалай алады.
    • Танымал сәнгерлердің топтамаларын көрсету. Белгілі шеберлер мен жас дизайнерлердің топтамасын Алматының ең сұлу қыздары «Алматы аруы - 2022» жобасының қатысушылары мен «Andres» модельдік агенттігінің модельдері көрсетеді.
    • Винсент Ван Гогтың көрнекті туындылары негізінде жасалған ресейлік квилтер Наталья Акимкинаның жұмыстарының көрмесі ашылады.  
    • Швейцариялық BERNINA фабрикасының премиум-класс тігін және кесте машиналарын көрсету.
    • Ағылшын тоқыма суретшісі Kaffe Fassett үлес қосқан, бүкіл әлем шеберлерін 60 жылдан астам уақыт бойы түрлі-түсті туындылармен шабыттандырған BERNINA тігін машиналарының бірегей сериясының тұсаукесері.
    • Келушілерге арналған шеберлік-сабақтар.
    • Эксклюзивті қолөнер бұйымдарының этно-жәрмеңкесі.
    • Керемет шоу-бағдарлама.

Әрбір келушінің бағалы сыйлық – швейцариялық кәдесыйлар, тіпті ТІГІН МАШИНАСЫН ұтып алуына мүмкіндігі бар.

Баспасөз мәслихаты 19 қараша күні сағат 10:00-де басталады. Мәслихатқа қазылар алқасының мүшелері, шараны ұйымдастырушылар және демеушілер қатысады.

Фестиваль 19 қараша күні салтанатты түрде ашылады. Ал байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 19 қараша күні сағат 11:30-17:00 аралығында өтеді.

Баспасөз мәслихаты мен шараның ашылу салтанаты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі, Алматы қ., Самал-1 ықш. ауданы, 44-үй.

Сіздерді іс-шараға шақыра отырып, халықаралық фестиваль туралы ақпарат таратуларыңызды сұраймыз.

+7 705 543 1333 телефонына хабарласып немесе  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  электрондық поштасы арқылы 14 қараша күні сағат 15-00-ге дейін тіркелуіңізді өтінеміз (БАҚ ақпараты мен өкілдердің аты-жөні).

Баспасөз конференциясы мен іс-шараның толық бағдарламасын тіркелгеннен кейін ала аласыз.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Алматы қаласының әкімдігі
  • Медеу ауданының әкімдігі
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі
  • Мурат Серкебаевтың жетекшілігімен Алматы қаласы әкімінің концерттік оркестрі
  • BERNINA International AG – BERNINA премиум-тұрмыстық тігін машиналарының әлемдік деңгейдегі өндірушісі, BERNINA және bernette брендтерінің иесі.
  • CROWN Technics AG – әлемге әйгілі VERITAS тігін машиналарын шығаратын неміс өндірушісі.  
  • Тігін машиналар үйі – BERNINA International AG (Швейцария) және CROWN Technics AG (Германия) Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызтандағы ресми эксклюзивті дистрибюторы болып табылады.  
  • «Тігін әлемі» инновациялық оқыту орталығы.

 Келушілерге кіру – ақылы (билеттерді музей кассасынан аласыздар).

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source