авто

Переключатель языков

25.11.2022 ж.«Қазіргі отандық музей: жаңа тәсілдер мен өзекті іс-тәжірибелер (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музеіның тәжірибесі негізінде)» тақырыбында республикалық ғылыми әдістемелік семинар-тренинг

2022 жылдың 25 қарашасында музей директоры Р.Е.Харипованың «МӘДЕНИ БІЛІМ БЕРУДІН ЖАҢА ҚЫЗМЕТІ» тақырыбындағы баяндамасымен басталған Республикалық семинар-тренинг қатысушыларына қорытынды дәрістер өтті. Келесі тақырыптар талқыланды:

«Музейдің мәдени-ағарту қызметінің кешенді нысандары. Музей маркетингінде қолданылатын заманауи технологиялар. Музейге келушілерді тартудың факторлары» (ҚР Орталық мемлекеттік музейінің мәдени-білім жұмысы бөлімінің меңгерушісі А. Кущенко жүргізді). Топтық жұмыс және іскерлік ойындар түрлері қолданылды – «Затты музей экспонатына айналдыру», «Келушілермен әмбебап байланыс», «Музей іс-шарасын ұйымдастыру: ресурстар мен тәуекелдер.

«Музей педагогикасы: теориялық және практикалық аспектілері» (Музей педагогикасы секторының меңгерушісі С. Баққұлова). Семинарға қатысушылар үшін «Жаңа мектеп музей» – «Ұлттық мұраны сақтау – болашаққа сый», «Музей өздеріңмен бірге», «Ерлікке тағзым – ардагерлерге  құрмет» атты музейлік-педагогикалық бағдарламалар мен әлеуметтік жобалар ұсынылды. Ерекше білім алуды қажет ететін балаларға арналған «Ұлы дала қызғалдақтары» атты көрмелік музейлік сабақ-шебер-класс өткізілді (өткізген З.Баянова).

Іс-шара қатысушыларға сертификаттар тапсырумен және республика музейлерімен,Дипломатиялық клубпен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қоюмен аяқталды.

 

seminar23-25.11.2022 seminar23-25.11.2022
seminar23-25.11.2022 seminar23-25.11.2022
seminar23-25.11.2022 seminar23-25.11.2022
 seminar23-25.11.2022  seminar23-25.11.2022
 seminar23-25.11.2022  seminar23-25.11.2022

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source