авто

Переключатель языков

27.09.2024 ж. «V Арғынбаев оқулары» халықаралық мерейтолық ғылыми-практикалық конференциясы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен Қазақстан Республикасы ҒЖБМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бірлесіп 2024 жылы 27 қыркүйекте сағат 10.00-де көрнекті ғалым, этнограф, Х.А. Арғынбаевтың 100 жылдығына арналған «V Арғынбаев оқулары» халықаралық мерейтолық ғылыми-практикалық конференциясы басталады. Конференция аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі мен «Ғылым Ордасы» ШЖК РМК Орталық ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен ғалымның еңбектері мен жеке заттарынан тұратын «Қазақтың біртуар этнограф ғалымы – Х.Арғынбаев» көрмесі ашылады.

afisha Argynbaev 27.09.2024Конференцияның мақсаты – этнограф Халел Арғынбаевтың ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы академиялық ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылау, «қазақ этнография мектебінің» негізін қалаған көрнекті ғалымның жетістіктерін көрсету, отандық этнология мен сабақтас пәндердің бүгінгі жағдайы мен болашақтағы дамуын талқылау, әріптестері мен шәкірттерінің ғалым туралы естеліктермен бөлісу.

Халел Арғынбаев (21 қыркүйек – 8 тамыз, 1998 ж.) – соғыстан кейінгі кезеңнің ірі этнограф-ғалымы, 1970–1990 жылдардың басы аралығындағы қазақ этнологтарының танымал көшбасшысы, тарих ғылымдарының докторы (1977), профессор (1982), Қазақ КСР ҒА Тарих, археология және этнография институтының этнография бөлімінің меңгерушісі (1976–1989). Ғалым отандық этнограф аға буындарының ішіндегі көрнекті өкілі, жаратылысы ерекше күрделі тағдыр иесі болған. 1943 жылдан 1945 жылдың мамырына дейін Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, «Отан соғысы» орденімен және «Әскери қызметі үшін» медальдарымен марапатталған.

Өтетін орны: Алматы қ., Самал-1, 44 үй. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source