10.06.2026 ж. Елена Каркавинаның жеке көрмесі «СӘТТЕР»
2026 ж. 10 маусымы сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде Павлодар қаласының суретші-педагогы, Халықаралық анималист-суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан мен Ресейдегі ұжымдық көрмелердің белсенді қатысушысы Елена Александровна Каркавинаның «СӘТТЕР» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Елена Каркавинаның шығармашылығы сәндік кескіндеме мен заманауи этно-фэнтези бағыттарының үйлесімді үндестігінен тұрады. Суретші өз туындыларында адамның ішкі жан дүниесін, қоршаған […]
04.06.2026 ж. «ЭКОART: Планетаға қамқорлық өнері»
Эколог күніне арналған «ЭКОART: Планетаға қамқорлық өнері» экологиялық сабағы мен шығармашылық шеберлік сабағына шақырамыз! ♻️ Іс-шара барысында табиғатты қорғаудың маңызы, қалдықтарды дұрыс сұрыптау және қоршаған ортаны сақтауға көмектесетін экологиялық әдеттер туралы әңгімелесеміз. 🌍 Қатысушыларды: 🔹 танымдық экологиялық сабақ; 🔹 қалдықтарды бөлек жинау және сұрыптау туралы қызықты мәліметтер; 🔹 интерактивті ойындар мен талқылаулар; 🔹 қайта өңделетін […]
03.06.2026 ж. «Азат елдің ар-намысы – Ата Заң» атты мәдени іс шарасы
2026 жылғы 03 маусымы күні Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Алматы қаласы полиция департаментімен бірлесіп, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Азат елдің ар-намысы – Ата Заң» атты мәдени іс шарасын өткізді. Шараның мақсаты: Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі құқықтық негізін айқындау, Ата заң, мемлекеттік рәміздер жайлы кең көлемде ақпарат беріп, ел ертеңіне деген сенімді […]
05.06.2026 ж. «ЖАНЫМНЫҢ БАҚТАРЫ» атты жеке мерейтойлық көрмесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Орталық музейі 2026 жылы 5 маусым күні сағат 16:00-де суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі – Рысбек Ысқақовтың 70 жылдық мерейтойына арналған «ЖАНЫМНЫҢ БАҚТАРЫ» атты жеке мерейтойлық көрмесін ұсынады. «Жанымның бақтары» мерейтойлық көрмесінің экспозициясы өткеннің қорытындысы емес, керісінше, шығармашылық ізденістің жалғасын көбірек танытады. Онда суретшінің ұлттық дәстүр, жеке тәжірибелері мен байқауларының тоғысында қалыптасқан […]
18.05.2026 ж. «Музей түні – 2026»
Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай дәстүрлі «Музей түні – 2026» мәдени-танымдық акциясы өтеді. Акция аясында музейлік педагогика бөлімі балаларға арналған арнайы танымдық-ойын-сауық бағдарламасын ұсынады. Бағдарламада: 🔹 музей залдарына арнайы экскурсиялар; 🔹 танымдық квест-ойындар; 🔹 викторина мен интерактивті тапсырмалар; 🔹 шығармашылық және ойын белсенділігі; 🔹 «Ертегі әлеміне саяхат» бағдарламасы. […]
18.05.2026 ж. «Музей түні – 2026» мәдени-танымдық акциясы
Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай дәстүрлі «Музей түні – 2026» мәдени-танымдық акциясы өтеді. Биылғы акцияның тақырыбы – «Әрқилы әлемді бір арнаға тоғыстырған музейлер». Ауқымды мәдени іс-шара музейлердің мәдени мұраны сақтау, тарихи сананы қалыптастыру және қоғамдық диалогты дамытудағы рөлін айқындауға бағытталған. «Музей түні» – тарих пен мәдениетті заманауи форматта […]
16.05.2026 ж. «АЗИЯ ӨНЕРІ» атты көркемөнер көрмесі
2026 жылғы 16 мамыр күні сағат 14:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде 18 мамыр — Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастырылған «АЗИЯ ӨНЕРІ» атты көркемөнер көрмесі ашылады. 2026 жылғы Халықаралық музейлер күнінің тақырыбы, Халықаралық музейлер кеңесі (ICOM) жариялағандай – «Әрқилы әлемді бір арнаға тоғыстырған музейлер». Бұл тақырып музейдің мәдени диалог пен шығармашылық өзара іс-қимыл алаңы ретіндегі […]
04.05.2026 ж. «ГҮЛДЕР ӘЛЕМІ» атты көркемөнер көрмесі
2026 жылғы 4 мамыр күні сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде Алматы қаласы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушылары дайындаған «ГҮЛДЕР ӘЛЕМІ» атты көркемөнер көрмесі ашылады. Көрменің мақсаты — шығармашылықтың жасқа шектеу қоймайтынын және кез келген жастағы адамдар үшін шабыттың, өзін-өзі танытудың әрі арт-терапияның көзі бола алатынын көрсету. Осы экспозиция үшін сұлулықтың, жаңарудың және […]
29.04.2026 ж. «Ертегі әлеміне саяхат» атты тәрбиелік іс-шара
ҚР Ұлттық орталық музейі мен Тоталды театр бірлесіп Инклюзивті балаларға арнап 2026 жылдың 29 сәуір күні «Ертегі әлеміне саяхат» атты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырады. Іс-шараның негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалардың өмір сүру сапасын жақсарту, олардың қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамыту және білім алуға тең мүмкіндік жасау. Аталған шара аясында балалар ертегі кейіпкерлерімен […]
30.04.2026 «Күш атасы – Қажымұқан» атты мәдени-танымдық іс-шара
2026 жылдың 30 сәуір күні ҚР Ұлттық орталық музейі мен Алматы қаласы ББ «Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығы» бірлесіп, қазақтың даңқты палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 155 жыл толуына арналған «Күш атасы – Қажымұқан» атты мәдени-танымдық іс-шара өткізеді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық спорттың дамуына өлшеусіз үлес қосқан тарихи тұлғаның өмір жолы мен […]