Билеттер
Мәзір
Билеттер

Бос орындар

ҚР Ұлттық Орталық музейі келесі бос орындарға  конкурс жариялайды

Ғылым докторы немесе ғылым кандидатының  ғылыми дәрежесі, ғылыми еңбегінің болуы. Ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыстардағы тәжірибесі бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, доктордың (кандидаттың) ғылыми дәрежесі  болған жағдайда ғылыми-педагогикалық жұмыстарда  кемінде   3 жыл жұмыс өтілі. Лауазымдық айлықақысы 500-550 мың теңге аралығында. Кәсіби біліктілігі мен жұмыс сапасы үшін қосымша үстемеақы беру қарастырылады.

Біліктілікке  қойылатын талаптар:  Ғылым докторының ғылыми дәрежесі, жаңалықтарды ашудағы  дипломның және авторлық куәлік  қағаздарының  немесе ірі ғылыми еңбектердің  және іс жүзінде жүзеге асырылған  нәтижелердің бар болуы, тиісті  білім саласында  ғылыми беделі. Лауазымдық айлықақысы 400-600 мың теңге аралығында.

Біліктілікке  қойылатын талаптар:  Жоғары (немесе  жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және тиісті мамандығы бойынша  кемінде мамандығына сәйкес 10 жыл жұмыс тәжірибесі, өнертабыстағы  ғылыми еңбектерінің  немесе  жаңалық ашуға  авторлық  куәлік қағаздарының бар болуы. Ғылыми дәрежесі болған жағдайда - стажына талап қойылмайды. Лауазымдық айлықақысы 400-450 мың  теңге аралығында.

- Жоғары деңгейдегі қор сақтаушы маманының  біліктілігіне  қойылатын талаптар: “өнер” немесе “гуманитарлық ғылымдар” мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болуы керек;

- I деңгейдегі  қор сақтаушы маманының біліктілігіне  қойылатын талаптар: - “өнер” немесе “гуманитарлық ғылымдар” мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе  жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары санаты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болуы керек;

 - II деңгейдегі қор сақтаушы маманының біліктілігіне қойылатын талаптар: - “өнер” немесе “гуманитарлық ғылымдар” мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

Лауазымдық айлықақысы 350-400 мың теңге

I деңгейдегі  біліктілігі жоғары санатты музей қорын есепке алу архивист  маманының  біліктілігіне  қойылатын талаптар: -“өнер” немесе “гуманитарлық ғылымдар” мамандықтар тобы бойынша жоғары  (немесе  жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі  3 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болуы керек;

Лауазымдық айлықақысы 350-400 мың теңге аралығында.

(экскурсия ұйымдастыру және экскурсиялық қызмет қөрсету бөліміне);  Біліктілікке  қойылатын талаптар: “өнер”, “гуманитарлық ғылымдар”, “әлеуметтік ғылымдар ”, “шетел-тілдері” мамандықтары   бойынша  жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, жұмыс өтіліне  талаптар  қойылмайды

Лауазымдық айлықақысы 350-400 мың теңге аралығында

2026 жылдың 30 шілдесі мен 12 тамыз аралығында қабылданады.

Байланыс телефондары: 264-56-72