16.02.2026 ж. «Шамдар жанған сәтте» атты балалар шығармашылығының көрмесі
Қытай Жаңа жылы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне ресми түрде енгізілген. 2026 жылдың 16 ақпаны мен 2 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі Алматы қаласындағы көркем студиялар мен мектептердің «Шамдар жанған сәтте» атты балалар шығармашылық көрмесін ұсынады. Көрме Қытай мәдениетінің ең поэтикалық әрі маңызды дәстүрлі мерекелерінің бірі — Қытай Жаңа жылы мен Шамдар […]
13.02.2026 ж. «ИРАН – ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде: визуалды баяндау» тақырыптық көрмесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі 2026 жылғы 13 ақпанда сағат 16.00-де Алматыдағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығымен бірлесе отырып, «ИРАН – ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде: визуалды баяндау» тақырыптық көрмесін ашады. Иран – тарихи және мәдени сабақтастығы үздіксіз жалғасып келе жатқан әлемдегі ең көне елдердің бірі; мыңдаған жылдар бойы қала құрылысы, сәулет өнері, мәдениет, әлеуметтік және […]
04.02.2026 ж. Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш және жылжымалы көрмесі
2026 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш пен жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Аталған мәдени іс-шара Алматы облысының музейлер бірлестігіне қарасты Мұқағали Мақатаевтың әдеби-мемориалдық музейі және Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжімен бірлесіп өткізілді. Іс-шараның мақсаты – Мұқағали Мақатаевтың өмірі […]
31.01.2026 ж. Ұстаз, сазгер, ақын, қоғам белсендісі Сұлтанова Салтанат Дүйсенқызының «Әкеге сағыныш» атты кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімі
Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі ұстаз, сазгер, ақын, қоғам белсендісі Сұлтанова Салтанат Дүйсенқызының «Әкеге сағыныш» атты жас оқырмандарға арналған жинақ кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімін өткізді. Кітаптың негізгі өзегі – әке тұлғасы, отбасы құндылықтары, бала тәрбиесі мен ұлттық рух. Мерекелік шара барысында келушілер автордың шығармашылық жолымен танысып, кітапқа енген балалар өлеңдерінен үзінділер оқыды, автордың әндері орындалды. […]
23.01.2026 ж. «ӨРНЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨНЕР» атты көрмесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі – қазақ халқының мәдени мұрасын сақтап, зерттеп, оны халықаралық деңгейде насихаттап келе жатқан жетекші музейлердің бірі. Музейдің Антропология және этнология бөлімі қазақ халқының сан ғасырлық тарихы мен дүниетанымын бейнелейтін «Өрнекпен өрілген өнер» көрмесін ұсынады. Көрменің мақсаты – Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі қорындағы этнографиялық коллекция негізінде дәстүрлі қазақ мәдениетін кеңінен […]
16.01-11.02.2026 «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты жаңа жылжымалы көрме
Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде Қазақстандағы Эстония Республикасының Елшілігінің қолдауымен, Эстонияның Ұлттық музейі әзірлеген «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты бірегей жылжымалы көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ғасырлар бойы Эстонияның солтүстік өңірлерінің қатал климат жағдайында қолғаптар күнделікті тұрмыстық қажеттілік қана емес, сонымен қатар сұлулық пен шеберліктің, халық жадында сақталған рухани дәстүрлерге деген құрметтің символы болып келеді. […]
31.12.2025 ж. Жаңа жылдарыңызбен!
Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі жаңа жылдарыңызбен құттықтайды! Сізге мерекелік көңіл-күй, өмірде сәттілік және қызықты оқиғалар тілейді! Сіздерді жаңа 2026 жылы музейде күтеміз! Музей 2026 жылдың 1,2 қаңтарында жұмыс істемейтінін хабарлаймыз. 3 қаңтардан бастап музей әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейді.
17.12.2025 ж. Суретші Татьяна Шапироның «ЖАСУШАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ» атты жеке көрмесі
2025 жылғы 17 желтоқсанда сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде суретші Татьяна Шапироның «ЖАСУШАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Бұл — адамның ішкі әлемі мен өмірдің табиғатына арналған, өнер мен философиядағы жаңа дүниетанымды ашатын көркем жоба. «Жасушалық құрылым» көрмесі жасуша бейнесін бүкіл тіршіліктің алғашқы негізі ретінде зерттейді. Экспозиция көрерменді санамыздың «жасушаларын» немен […]
11.12.2025 ж. «Дала өрнектерімен өрілген метал бұйымдар» көрмесі
2025 жылдың 11 желтоқсанында сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық Орталық музейі (бұдан әрі- ҰОМ) «Дала өрнектерімен өрілген метал бұйымдар» көрмесін өткізеді. Торевтика – металл бұйымдарды көркемдеп, рельефті өңдеуге негізделген қолданбалы өнер. Зерттеулер барысында белгілі болғандай аталмыш техника алтын, күміс бағалы және қола, темір, мыс тәрізді түсті металл бұйымдарын әсемдеуде қолданылғанымен, ең кең таралғаны – мыс, […]
15.12.2025 ж. «УАҚЫТ ЖАҢҒЫРЫҒЫ» атты Республикалық есептік көрмесі
2025 жылдың 15 желтоқсанында сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық Орталық музейінде «УАҚЫТ ЖАҢҒЫРЫҒЫ» атты Республикалық есептік көрменің ашылуы өтеді. Көрме Қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті тұлғалары – Хакімжан Наурызбаевтың 100 жылдығына, Молдахмет Кенбаевтың 100 жылдығына, Николай Хлудовтың 175 жылдығына, Евгений Сидоркиннің 95 жылдығына, Еркін Мергенов пен Төлеген Досмағамбетовтың 85 жылдық мерейтойларына арналады. 2025 жыл Қазақстан тарихы […]