ҚР Ұлттық Орталық музейі келесі бос орындарға конкурс жариялайды
- Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары — ғылым докторы немесе ғылым кандидатының ғылыми дәрежесі, ғылыми еңбегінің болуы. Ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыстардағы тәжірибесі бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, доктордың (кандидаттың) ғылыми дәрежесі болған жағдайда ғылыми-педагогикалық жұмыстарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі. Лауазымдық айлықақысы 500-550 мың теңге аралығында. Кәсіби біліктілігі мен жұмыс сапасы үшін қосымша үстемеақы беру қарастырылады.
- Біліктілігі жоғары санатты бухгалтер маманы. Бухгалтерия;
Біліктілікке қойылатын талаптар:“қаржы-экономикалық” мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық пен есеп және бақылау бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар болуы керек. Лауазымдық айлықақысы 200-250 мың теңге аралығында. Кәсіби біліктілігі мен жұмыс сапасы үшін қосымша үстемеақы беру қарастырылады.
- Музей қорын есепке алу архивист маман (Қорды есепке алу бөліміне); I деңгейдегі біліктілігі жоғары санатты музей қорын есепке алу архивист маманының біліктілігіне қойылатын талаптар: -“өнер” немесе “гуманитарлық ғылымдар” мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болуы керек; Лауазымдық айлықақысы 350-400 мың теңге аралығында.
- Мемлекеттік сатып алу бойынша біліктілігі жоғары санатты менеджер маманы -мемлекеттік сатып алу бөліміне;
Біліктілікке қойылатын талаптар; «экономист» және “заңгер” мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болуы керек. Лауазымдық айлықақысы 200-220 мың теңге аралығында. Кәсіби біліктілігі мен жұмыс сапасы үшін қосымша үстемеақы беру қарастырылады.
- Экскурсия-жүргізуші маман (экскурсия ұйымдастыру және экскурсиялық қызмет қөрсету бөліміне); Біліктілікке қойылатын талаптар: “өнер”, “гуманитарлық ғылымдар”, “әлеуметтік ғылымдар ”, “шетел-тілдері” мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды
Лауазымдық айлықақысы 250-330 мың теңге аралығында
- Бас ғылыми қызметкер (Археология бөліміне); Біліктілікке қойылатын талаптар: Ғылым докторының ғылыми дәрежесі, жаңалықтарды ашудағы дипломның және авторлық куәлік қағаздарының немесе ірі ғылыми еңбектердің және іс жүзінде жүзеге асырылған нәтижелердің бар болуы, тиісті білім саласында ғылыми беделі.Лауазымдық айлықақысы 260-300 мың теңге аралығында.
- Антропология және этнология бөлімінің жетекшісі;
Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және тиісті мамандығы бойынша кемінде мамандығына сәйкес 3 жыл жұмыс тәжірибесі бар болуы керек. Лауазымдық айлықақысы 360-380 мың теңге аралығында.
- Ғимарат тазалаушы Ғимарат тазалаушысы Ғимарат тазалаушының жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды. Лауазымдық айлықақысы 100-120 мың теңге аралығында.
- Аула сыпырушы. Мекеме аумағында тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету үшін аула сыпырушы қажет. Аула сыпырушының жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды. Лауазымдық айлықақысы 100-120 мың теңге аралығында.
Конкурсқа қатысушы азаматтардың құжаттары
2026 жылдың 18 мамыры мен 03 маусым аралығында қабылданады.
байланыс телефондары: 264-56-72