Құрметті музей қонақтары!
Сіздерді музейіміздің ресми сайтында қарсы алуға қуаныштымыз. Мұнда музей туралы, оның негізгі қызмет бағыттары, өткізілетін көрмелер мен мәдени іс-шаралар жөнінде толық ақпарат алып, музей қорындағы бірегей коллекциялармен және ұсынылатын қызметтермен таныса аласыз. Музей экспозицияларында еліміздің бай тарихи-мәдени мұрасын айғақтайтын құнды жәдігерлер ұсынылған. Олар тарихтың қызықты деректерімен танысып, өткеннің беймәлім беттерін ашуға мүмкіндік береді. Ұлттық орталық музей барлық жастағы келушілер үшін ашық. Мұнда отбасыңызбен, достарыңызбен немесе жеке өзіңіз келіп, экспозицияларды өзіңізге ыңғайлы қарқынмен тамашалай аласыз. Сондай-ақ алдын ала өзіңіз таңдаған тақырып бойынша экскурсияға тапсырыс беруге және музейдің кейбір залдарында мобильді аудиогид қызметін пайдалануға мүмкіндік бар. Біз еліміздің әр-түрлі ұйымдары, шығармашылық бірлестіктері және басқа да мәдени мекемелерімен ынтымақтастық орнатуға әрдайым дайынбыз. Сіздерді әрдайым музейіміздің қадірлі қонағы ретінде қарсы алуға қуаныштымыз. Ұлттық орталық музейге жасаған сапарыңыз қызықты әсерге, жаңа білімге және жарқын естеліктерге толы болады деп сенеміз.
Соңғы жаңалықтар
Музейдің өзекті оқиғалары, көрмелері мен іс-шаралары
Музей коллекциялары
Музей жәдігерлерін 3D және толықтырылған шындық (AR) форматында тамашалаңыз.