Билеттер
Мәзір
Билеттер

Музейге келу ережелері

  • Келушілер музей кассасынан кіру билетін сатып алып, музейден шыққанға дейін сақтауы қажет (билет сатып алынған күні бойы жарамды). Топтық келушілерге (20 адамға дейін) экскурсияға алдын ала жазылып, экскурсия өтетін залдың атауын және экскурсия тілін келесі телефон арқылы хабарлау сұралады: +7 727 264-55-77 (Экскурсияларды ұйымдастыру бөлімі).
  • Мемлекеттік және ұлттық мереке күндеріндегі музейдің жұмыс кестесі алдын ала нақтыланады. Музейдің жұмыс тәртібі, көрмелер мен іс-шаралар туралы ақпаратты музейдің ресми сайтынан немесе әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан (сілтемелері сайттың төменгі бөлігінде орналасқан) білуге болады.
  • Музейдің жұмыс кестесі мен келу қағидаларын сақтап, музей қызметкерлерінің ұсынымдарын орындауыңызды сұраймыз. Кіру билеттерін сату сағат 17:30-да тоқтатылады. Келу уақытыңызды алдын ала жоспарлауыңызды өтінеміз.
  • Егер топ құрамында ерекше қажеттіліктері бар келушілер болса, қозғалу кезінде көмек немесе арнайы қызметтер (мысалы, көру немесе есту қабілеті бұзылған адамдарға арналған экскурсиялар мен музейлік сабақтар) қажет болған жағдайда бұл туралы экскурсия жетекшісіне немесе музейдің кезекші қызметкеріне алдын ала хабарлауыңызды сұраймыз.
  • Жеңілдіктерді пайдалану құқығы бар келушілер тиісті растайтын құжатты көрсетуге міндетті.
  • Егде жастағы адамдар, ерекше күтімді қажет ететін адамдар және кәмелетке толмаған балалар музейге туыстарының немесе оларды алып жүруші адамдардың сүйемелдеуімен келуі тиіс.
  • Қауіпсіздік тексеруінен өтулеріңізді сұраймыз. Музей жаппай келушілер жиналатын мәдени мекеме болғандықтан, музейге кірер алдында барлық сөмкелер міндетті түрде тексеріледі. Бұған түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
    • Жанғыш және жарылғыш заттарды, улы заттарды, есірткі құралдарын, қару-жарақты, бақылау-өлшеу құралдарын және басқа да қауіпті заттарды алып кіруге қатаң тыйым салынады.
    • Экспозициялық залдарға өлшемі 40 см-ден асатын чемодандар мен сөмкелеріңізді алып кіруге болмайды. Оларды арнайы бөлінген сақтау орындарына (сақтау жәшіктеріне немесе гардеробқа) тегін тапсыруға болады. Балалар арбалары бірінші қабаттың кіреберіс вестибюлінде қалдырылады.
    • Музей келушілердің жеке заттарының жоғалуына немесе ұрлануына жауапты болмайды. Құнды заттарыңызды өзіңізбен бірге алып жүруіңізді сұраймыз. Егер жеке затыңызды жоғалтып алсаңыз, ақпараттық тіркеу орнына зат туралы толық мәлімет қалдырыңыз.
  • Мас күйінде немесе есірткілік заттардың әсерінде болған адамдардың музейге кіруіне тыйым салынады. Музей аумағында темекі шегуге болмайды.
  • Музейге үй жануарларын алып кіруге рұқсат етілмейді.
  • Жарқыл шамын (вспышка) пайдаланып фото және бейнетүсірілім жасауға, сондай-ақ штатив қолдануға тыйым салынады. Түсірілген материалдарды коммерциялық, жарнамалық немесе баспа мақсаттарында пайдалануға болмайды. Авторлық құқық талаптарын сақтауыңызды сұраймыз.
  • Әуесқой түсірілімнен басқа барлық бейнетүсірілім түрлері қолданыстағы ақылы қызметтердің прейскурантына сәйкес ақылы негізде жүзеге асырылады және музей әкімшілігінің өкілімен алдын ала келісіледі.
  • Музейді мәдени-тарихи мұра нысаны ретінде құрметтеп, ұқыпты қарауыңызды сұраймыз. Арнайы ұстауға арналған (тактильді) экспонаттарды қоспағанда, экспонаттарға қол тигізуге болмайды.
  • Музейдің тазалығын сақтап, қоқыс қалдырмауыңызды сұраймыз.
  • Экспозициялық залдарға сусындар мен тағам өнімдерін алып кіруге болмайды (жеке пайдалануға арналған ауыз су құтысынан басқа).
  • Құрметті ата-аналар мен педагогтер! Жазатайым оқиғалардың және экспонаттардың кездейсоқ бүлінуінің алдын алу мақсатында балаларды қараусыз қалдырмауларыңызды сұраймыз.
  • Ірі мәдени іс-шаралар немесе уақытша көрмелер өткізу кезінде келушілер музейдің осы қағидаларын сақтауға міндетті.
    • Көрменің ашылу күні шақыру билеті бойынша көрсетілген уақытта көрмеге кіру тегін жүзеге асырылады. Алайда осы күні музейдің тұрақты экспозициялық залдарын аралағыңыз келсе, кассадан кіру билетін сатып алуыңыз қажет.
    • Көрмелер музейдің бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс істейді.