Билеттер
Мәзір
Билеттер

Ахмет және Ғазиза Жұбановтар мемориалдық музей-пәтері

Музей 1967-1968 жылдары танымал ғалым, сазгер, дирижер, академик Ахмет Жұбанов, кейін 1968-1993 жылдары оның қызы, қазіргі заманның ұлы сазгері Ғазиза Жұбанова өзінің зайыбы танымал режиссер, КСРО халық әртісі, Халық Қаһарманы Әзербайжан Мәмбетовпен балаларымен, немерелерімен 1999 жылға дейін өмір сүрген пәтерде орналасқан.

Экспозиция музыкалық салоннан және 2 экспозициялық залдан – әкесі мен қызының өмір сүріп, ұлы туындыларды дүниеге әкелген жұмыс кабинетінен тұрады. Шығармашылық кештер өткізіліп тұратын музыка салонындағы бірегей экспонат – қазақ музыка мәдениетінің кемеңгері Ахмет Қуанұлы Жұбановтың роялі. Витриналарда музыка, әдебиет салаларында және ғылыми өшпес мұра қалдырған ХХ ғасырдағы музыка мәдениетінің ұлы қайраткерлері Ахмет және Ғазиза Жұбановтардың өмірі мен шығармашылықтарынан сыр шертетін фотосуреттер, музыкалық және қолжазба материалдар, жеке заттары, кәдесыйлары, аспаптары, афишалар, партитуралар, кітаптар орын алған.

2011 жылы өнердегі есімін мәңгілікке есте қалдыру мақсатында Орталық музей мемориалдық музей экспозициясын Әзербайжан Мәдиұлы Мәмбетов жайлы естеліктермен толықтырды. Басты мақсат – Ә.М.Мәмбетовтың Қазақстан мәдениетіндегі алар орнының ерекше екендігін, оның өнердегі жолының Ахмет пен Ғазиза Жұбановтардың шығармашылығымен тығыз байланыстылығын көрсету, келушілерді оның режиссерлық шығармашылығымен таныстыру.

Қазақстанның кәсіби өнерін байытып деңгейін көтерген Ғазиза, Ахмет Жұбановтар мен Әзербайжан Мәмбетовтың шығармалары бүгінде әлемге әйгілі, еліміздің игілігі мен мәдени құндылығына айналды.

Мекен-жайы: Алматы қ., Қарасай батыр көш.(Абылайхан даңғ.қиыл.), 61/67-үй, 78-пәтер.

Телефон: +7 (727) 2726369. Жұмыс уақыты: 9:30–17:30.

Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.