Билеттер
Мәзір
Билеттер

Білім бағдарламалары

«МУЗЕЙДЕГІ САБАҚ» МӘДЕНИ-БІЛІМ БЕРУ ЖОБАСЫ

«Музейдегі сабақ» жобасы Алматы қаласы Білім басқармасымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Жобаның негізгі мақсаттары — тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, география, биология сияқты т.б мектеп пәндерін тереңдетіп оқытуда музейдің мәдени-білім беру мүмкіндіктерін пайдалану, оқушылардың өз елінің тарихын зерттеуге деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ өскелең ұрпаққа адамгершілік-патриоттық сезімдерін қалыптастыру болып табылады.

Өткізілетін музей сабақтары мектептің оқу бағдарламасымен тығыз байланысты. Сонымен бірге, музей экспонаты алынған білімге иллюстрация ретінде емес, тікелей «білім көзі» ретінде әрекет етеді. Осылайша, оқу процесінің бірегейлігі (музей ортасы) оқушылардың танымдық, жан-жақты дамуына ықпал етеді.

Сабақтар тақырыбы: Республика күні мен Конституция күніне арналған «Менің Отаным-Қазақстан» және «Ата Заң-мемлекеттің негізі», Қазақстан халқының Тілдер күніне арналған «Тіл-рухани байлық», Дүниежүзлік қоршаған ортаны қорғау күніне орай  «Экология және мәдениет», Домбыра күніне орай «Асыл мұра – домбыра», Астана күніне арналған «Арман қала», Абай Құнанбаевтың туған күніне орай «Абай әлемі»,  «Ежелгі Қазақстан және тайпалық одақтар», «Сақ патшайымы –Томирис»» Ұлттың қастерлі заттарының бірі — қамшы», «Ұлы Жібек жолы бойындағы ортағасырлық қалалар», «Қазақтың зергерлік бұйымдары», «Ертегілер әлемінде», «Ғұндар тарихы», «Қазақтың салт-дәстүрлері» Бабалар аманатының бірі-ұлттық музыкалық аспаптар»,  «Музей-мектеп төрінде» атты жылжымалы білім беру бағдарламасы, «Қазақтың ұлы ғалымдары мен ағартушылары» жылжымалы көрме-дәріс, «Қазақ халық фольклоры», «Қазақ хандарының билеушілері»,  «Атадан жеткен  асыл сөз», «Қазақ салт-дәстүрлері бабалар даналығы», «Әжемнің сандығы», «Дәстүрлі қазақ қолөнері»,  экологиялық бағдарлама бойынша сабақтар өткізіледі. «Қолжетімді музей: ҚРҰОМ инклюзивті бағдарламалары» жобасы және «Жас шебер» музейлік қолөнер үйірмесі.

ЖОБА — «MUSEUM FOR KIDS» ЖАЗҒЫ МУЗЕЙ ЛАГЕРІ

15 маусым мен 15 шілде аралығында ҚР Ұлттық Орталық музейінде балаларға арналған «MUSEUM FOR KIDS» жазғы музей лагері өз жұмысын жүргізеді. Бұл – балалардың жазғы демалысын қызықты әрі мазмұнды өткізуге арналған ерекше мәдени-танымдық алаң.

Лагерьдегі әрбір күн көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын таза ауадағы таңғы жаттығудан басталады. Одан кейін музей педагогтары оқушыларға музей залдары бойынша әсерлі экскурсиялар өткізіп, қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен этнографиясына арналған танымдық сабақтар ұйымдастырады. Балалар халқымыздың бай мұрасымен танысып, ұлттық құндылықтардың терең мағынасын түсінуге мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, лагерь бағдарламасында кескіндеме және сәндік-қолданбалы өнер бойынша шығармашылық шеберлік сабақтары өткізіліп, балалардың қиялы мен өнерге деген қызығушылығы дамытылады. Ұлттық ойындар – «Асық ату», «Бес тас», «Тоғызқұмалақ» бойынша ұйымдастырылатын спорттық турнирлер жас қатысушылардың ептілігі мен зеректігін шыңдай түседі.

Күннің ерекше әсерлі сәттері музей кинозалында жалғасып, жас келушілер ертегілерді, мультфильмдер мен көркем фильмдерді тамашалай алады. «MUSEUM FOR KIDS» лагері – балалардың рухани дамуына, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге және ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған жарқын жоба.

«ЖЕТІ ҚАЗЫНА» ИНКЛЮЗИВТІ КӨРМЕ-ЖОБАСЫ

«Жеті қазына» көрмесінің жобасы зағип және нашар көретін балаларға арналған. Көрме Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік — қолданбалы өнер колледжінің демеушілігімен және қолдауымен ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты: зағип және нашар көретін келушілерге музейлік білім беру кеңістігі арқылы Қазақстанның мәдени құндылықтарына қосылуға көмектесу, олардың экспонаттар туралы түсінігі мен ой-өрісін кеңейту, қиял мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға серпін беру.

Зағип адам үшін «Көру» — бұл қол тигізу, түрту, ұстау. Жанасу сезімі арқылы зағип және нашар көретін балалар көшпенділердің жеті қазынасын құрайтын мүсіндермен танысады. Бұл жылқы, бүркіт, «тазы» тұқымының аңшы иті, мылтық, пышақ, балық аулау торы, тұзақ. Экспонаттарды Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік — қолданбалы өнер колледжінің оқытушылары мен студенттері мүсіндік пластилиннен, ағаштан, кілем жіптерінен жасаған.

Көшпенділердің жеті қазынасының тізімі филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР орталық мемлекеттік музейінің антропология және этнология бөлімінің бас ғылыми қызметкері Уәли Нұргелді Мақажанұлының нұсқасы бойынша ұсынылған.

«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАСПАЛДАҚТАРЫ» ИНКЛЮЗИВТІ ЖОБАСЫ

«Шығармашылық баспалдақтары» музей инклюзивті жобасы («Тропинки творчества») ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға, балалар үйлері мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған. Жобаның негізгі мақсаттары — балалардың шығармашылық әлеуетін ашуға, таланттарын дамытуға, инклюзивті тәуелсіз өмірге дайындау,төзімділікті түсіну және құрметтеу, рухани қоғамда инклюзивті шығармашылық кеңістік құру.

Жобаның сабақтары «Қазақ халқының мәдениетіндегі аң стилі», «Ұлттық ою – өрнек өнері», «Киіз үй — күн үйі», «Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен құстар», «Наурыз.Табиғаттың оянуы», «Ұлы даланың қызғалдақтары» және т.б. сабақтыңшығармашылық бөлігінде балалар аралас техникада аппликация жасайды, сурет салады, пластилинографиямен айналысады; логоритмика жасайды, басқатырғыштардан суреттер жинайды.

ИНКЛЮЗИВТІ ЖОБА «САУСАҚТАРДЫҢ ҰШЫНДАҒЫ ӨНЕР»

Инклюзивті жоба–«Саусақ ұшындағы өнер» тактильді картиналар көрмесі. 

Жылжымалы көрменің негізгі мақсаты – зағип және нашар көретінкелушілердіқолдау,музейдің басқа келушілерімен қатар қоғамдық және мәдени өмірге араласуына мүмкіндіктер жасау.

Көрмеде Әбілхан Қастеев («Абай», «Жамбыл» портреттері), Николай Хлудов («Түйе сауу», «Қойшы бала»), Диана Мухаммад(«Бауырсақтармен натюрморт») сияқты қазақстандық танымал суретшілердің туындылары бойынша жасалғанбес тактильді картиналар. Тактильді картиналарды Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Көркем сурет» кафедрасының оқытушылары мен студенттерінің қолдауымен жасалды.

«ЖАС ШЕБЕР» МУЗЕЙЛІК ҚОЛӨНЕР ҮЙІРМЕСІ

Үйірменің негізгі мақсаттары: өскелең ұрпақтың өз халқының тарихи өткеніне деген қызығушылығын, Қазақстан халқының мәдениетіне деген құрмет сезімін тәрбиелеу, көркем мәдениетті қалыптастыру және халықтық сәндік-қолданбалы өнер арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.

«Жас шебер» үйірмесі жұмысының ерекшелігі, ол әрбір балаға, жасөспірімге (6-14 жас) өзінің таланты мен қабілеттерін сәндік – қолданбалы өнердің әртүрлі түрлерінде пайдалануға, басым бағытты таңдауға және онда өзін барынша іске асыруға мүмкіндік береді.

Сабақтарда балалар пейзаждар, натюрморттар, мозаикалық сурет салуды, қағаздан аппликациялар жасауды, киізден панельдер жасауды, зергерлік бұйымдар — сырғалар, алқалар, брошьтар, моншақтар жасауды үйренеді, олар сондай — ақ киізді қалай басу керектігін және одан бұйымдар — панельдер, сөмкелер жасауды үйренеді.