Билеттер
Мәзір
Билеттер

"Қазақстан тарихы" залы

«Қазақстан тарихы» залының экспозициясы тұрмыстық заттармен, үй шаруашылықтарымен, киім-кешектермен, қолөнер және сәндік-қолданбалы өнер заттарымен, сондай-ақ Қазақстан халқының тарихы мен мәдениетін бейнелейтін фотоқұжаттармен ұсынылған. Құрылған бейнелі экспозициялық кешендер 16 этностың мәдениетін таныстырады.Корей халқының тарихы мен мәдениетін көрсететін Оңтүстік Кореяның ұлттық этнография музейімен бірлесіп жүзеге асырылған «корейлердің дәстүрлі мәдениеті» экспозициясы ерекше қызығушылық тудырады.

Залда сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдарында майданда және тылда батырлық көрсеткен қазақстандықтарға арналған экспозиция бар. Мемориалдық заттар мен кешендерде көрнекті тұлғалардың өмірі мен еңбегінің нақты тарихи оқиғалары немесе фрагменттері ашылып көрсетіледі.

«Тыл-Майдан» экспозициясы соғыс жылдары Қазақстан аумағында  экономика, халық шаруашылығы, ғылым және мәдениет салаларында жұмыс жасаған  қызметкерлерге арналған. Витриналарда плакаттар, соғыс жылдарында шығарылған жабдықтар мен өнімдердің үлгілері, фотосуреттер, марапаттар, құжаттар, хаттар және тыл еңбеккерлерінің басқа да жеке заттары көрсетіледі. «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның ғылымы мен мәдениеті» тақырыптық кешеніне орталық орын ұсынылған. Кеңес Одағы батырларының алтын әріптермен есімдері жазылған 510 қазақстандық – Жеңіс шеруі туралы ақпараттар  мен Даңқ шеңбері экспозицияны аяқтайды.