Билеттер
Мәзір
Билеттер

Тарихи этнография залы

Тарихи этнография залы — зал экспозициясы ХҮ ғасырдан ХХ ғасырдың басына дейінгі Қазақстан тарихына арналған (тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Нұрсан Әлімбайдың жетекшілігімен және ғылыми концепциясы бойынша 2008 жылы жаңартылды). Экспозициялық зал қазақтардың дәстүрлі мәдениетіне, яғни тіршілікқамы жүйесіне, шаруашылық және тұрмыстық салтына, рухани мәдениетіне арналған. Қазақ қоғамының негізгі сипаттары көрсетіліп, көшпелілердің  мәдени дәстүрлерінің өзіндік ерекшеліктері бейнелі түрде беріледі. Композициялық жағынан зал кіші және үлкен айналымнан тұрады.

Экспозициялық кешендер Қазақ хандығының құрылуы, мемлекеттіліктің құрылуы мен дамуы, жоңғарларға қарсы күрес, қазақ жерінің Ресей құрамына кіруі сияқты кезеңдерді тарихи көрнектермен баяндайды. Залдан орын алған этнографиялық материалдар қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмысы мен дүниетанымдық көзқарастарынан, бай рухани және материалдық мәдениетінен сыр шертеді. Залдан түпнұсқа фотоматериалдар, сирек кездесетін кітаптар, картографиялық материалдар, тұрмыстық және халық қолданбалы өнері бұйымдарын, сонымен қатар қазақ халқының киім-кешектері мен кілем тоқу өнерін көруге болады. Залдың орталық алаңына қазақ мәдениетінің бірегей символы саналатын — киіз үй орналастырылған