Саров Сержан Бараханұлы – Директор

Саров Сержан Бараханұлы 1983 жылғы 8 қаңтарда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Қаражота ауылында дүниеге келген.
2002–2006 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультетінде білім алып, «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
2018–2020 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институтында оқып, тарих ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін иеленген.
Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы тарихы музейінде кіші ғылыми қызметкер ретінде бастаған. 2008–2017 жылдар аралығында аталған музейде ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, тарихи-мәдени мұра бөлімінің меңгерушісі және ғылыми-экспозициялық бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2018 жылы «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директорының ғылым жөніндегі орынбасары болып тағайындалып, сол жылы директордың міндетін атқарушы қызметін, 2019 жылғы 18 наурыздан 2020 жылғы 13 наурызға дейін «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директоры қызметін атқарды.
2020–2022 жылдары «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директорының ғылым жөніндегі орынбасары.
2022–2023 жылдары Алматы қаласы Мәдениет басқармасының «Алматы әуендері» КМҚК директорының кеңесшісі.
2023–2025 жылдары «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі» РМҚК директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары.
2007–2010 жылдары «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты мен Алматы қаласы тарихы музейінің бірлескен археологиялық экспедицияларына қатысып, Алматы қаласы маңындағы археологиялық ескерткіштерді зерттеу жұмыстарына атсалысты. Сонымен қатар б.з.д. V–III ғасырларға жататын ерте темір дәуірі ескерткіштерінде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді.
2014–2018 жылдары Алматы қаласы Мәдениет басқармасымен бірлесіп, қала аумағындағы 140-тан астам тарихи-мәдени ескерткішке мониторинг және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысты. Осы кезеңде тарихи-мәдени мұра мәселелеріне арналған 10-нан астам ғылыми мақаласы жарық көрді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында Алматы қаласының тарихи ескерткіштері мен мәдени нысандарының тарихына арналған телерадио бағдарламаларға қатысып, тақырыптық сұхбаттар берген.
«Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК құрамындағы музейлердің экспозициялық жұмыстарын жетілдіруге елеулі үлес қосты. Ғылыми-қор, ғылыми-зерттеу және мәдени-ағартушылық бағыттардың дамуына бастамашылық жасап, бірлестіктің қызметін жаңғырту жұмыстарына белсенді қатысты. Қызмет барысында Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі, Д.А. Қонаевтың мемориалдық музейі, Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музейі және басқа да музейлердің экспозициялық жобаларын әзірлеу мен іске асыру жұмыстарына қатысқан.
2025 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы – «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Балаева Арайлы Бақытқызы – Директордың музейлік менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары.
Балаева Арайлы Бақытқызы 1982 жылғы 9 ақпанда Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген.
2002 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің Филология факультетін «Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдады. 2004 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің магистратурасын аяқтап, педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды. 2022–2025 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторантурасында білім алды.
Еңбек жолын 2006 жылы «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі» РМҚК-да бастады.
2006 жылы Мәдени-білім жұмысы орталығының музейлік менеджмент секторында жоғары санатты менеджер қызметін атқарды. 2006–2007 жылдары Кадр жұмысын ұйымдастыру бөлімінің жоғары санатты мұрағатшы маманы, 2007–2016 жылдары осы бөлімнің жоғары санатты инспектор маманы болды. 2016–2022 жылдары Кадр жұмысын ұйымдастыру бөлімін басқарды.
2023 жылы Антропология және этнология бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, 2023–2025 жылдары аталған бөлімнің жетекшісі болды.
2025 жылғы 23 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі директорының музейлік менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.
Марапаттары:
– 2021 жыл – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасы;
– 2022 жыл – мәдениет саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасы;
– 2024 жыл – мәдениет саласына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі.