Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі биылғы жазғы маусымда мектеп оқушыларына арналған дәстүрлі «MUSEUM FOR KIDS» музейлік балалар лагерін ұйымдастырады. Лагерь өз жұмысын 15 маусымнан бастайды.
Жобаның негізгі мақсаты – балалардың мәдени-танымдық көкжиегін кеңейту, тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту, сондай-ақ бос уақытын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастыру.
Лагерь бағдарламасы аясында қатысушыларды музей қорларымен және экспозицияларымен таныстыратын танымдық экскурсиялар, шығармашылық шеберлік сабақтары, мәдени-ағартушылық бағдарламалар, зияткерлік ойындар мен түрлі қызықты іс-шаралар күтеді. Балалар музей кеңістігінде жаңа білім алып қана қоймай, өз қабілеттерін шыңдап, достар тауып, пайдалы тәжірибе жинақтайды.
«MUSEUM FOR KIDS» лагері жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және тұлғалық дамуына қолдау көрсетуге бағытталған маңызды мәдени-білім беру алаңы болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі барлық балаларды жазғы демалысты қызықты әрі пайдалы өткізу үшін «MUSEUM FOR KIDS» балалар лагеріне қатысуға шақырады!
Орындаушы:С.Баккулова
Тел:8 747 607 81 47
8(727) 264 46 77