Эколог күніне арналған «ЭКОART: Планетаға қамқорлық өнері» экологиялық сабағы мен шығармашылық шеберлік сабағына шақырамыз!
♻️ Іс-шара барысында табиғатты қорғаудың маңызы, қалдықтарды дұрыс сұрыптау және қоршаған ортаны сақтауға көмектесетін экологиялық әдеттер туралы әңгімелесеміз.
🌍 Қатысушыларды:
🔹 танымдық экологиялық сабақ;
🔹 қалдықтарды бөлек жинау және сұрыптау туралы қызықты мәліметтер;
🔹 интерактивті ойындар мен талқылаулар;
🔹 қайта өңделетін материалдардан арт-нысан жасауға арналған шығармашылық шеберлік сабағы күтеді.
Біз қарапайым заттарға екінші өмір сыйлауға болатынын көрсетіп, әр адамның кішкентай әрекеті үлкен өзгерістерге бастай алатынын бірге түсінеміз.
📅 2026 жылғы 4 маусым
🕚 Сағат 11:00
📍 Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі
👧👦 Қатысушылар жасы: 8–14 жас
Планета біздің қолымызда – үлкен болашақ үшін кішкентай қадамдар!