2026 жылғы 03 маусымы күні Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Алматы қаласы полиция департаментімен бірлесіп, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Азат елдің ар-намысы – Ата Заң» атты мәдени іс шарасын өткізді.
Шараның мақсаты: Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі құқықтық негізін айқындау, Ата заң, мемлекеттік рәміздер жайлы кең көлемде ақпарат беріп, ел ертеңіне деген сенімді арттыру, Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуді насихаттау, Заң үстемдігі, әділдік, теңдік қағидаларын дәріптеу, ел бірлігі, азаматтық жауапкершілік туралы түсінікті күшейту болды.
Мәдени шарада сөз алған Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының доценті, PhD құқық докторы Рысқалиев Даулетбай Оразғалиұлы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Кошпенбетов Бахытқали Мұхтарұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Әлеуметтік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі Симтиков Жомарт Құдайбергенұлы ұлттық рәміздерді ұлықтаудың маңызын атап, Ата заңымыздағы жаңа өзгерістер мен толықтыруларға тоқталды.
Тәлімі мол мәдени шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі 65476 әскери бөлімі, Алматы қаласы Төтенше жағдай департаменті Түркісіб ауданы Төтенше жағдай басқармасының жеке құрамы және Алматы қаласы Азаматтық авиация академиясының студенттері қатысты.