Қазақстан Республикасы Ұлттық Орталық музейі 2026 жылы 5 маусым күні суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі – Рысбек Ысқақовтың 70 жылдық мерейтойына арналған «ЖАНЫМНЫҢ БАҚТАРЫ» атты жеке мерейтойлық көрмеcінің салтанатты ашылуы өтті.
«Жанымның бақтары» мерейтойлық көрмесінің экспозициясында суретшінің ұлттық дәстүр, жеке тәжірибе және өмірлік бақылаулар тоғысынан қалыптасқан дүниетанымын бейнелейтін 80-нен астам өнер туындысы ұсынылған.
Көрменің ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінің қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі А. Кущенко құттықтау сөз сөйлеп, музейдің тарихи-мәдени мұраны және бейнелеу өнерін насихаттаудағы, сондай-ақ жастарды Қазақстанның заманауи суретшілерінің шығармашылығымен таныстырудағы ерекше рөлін атап өтті.
Көрме барысында Р. Искаковтың әріптестері сөз сөйледі: Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы Ө. Жұбаниязов, О. Есенбаев және М. Құлдыбаев. Қорытынды сөз мерейтой иесі, суретші Р. Искаковқа берілді.
Келушілер Р. Искаковтың шығармашылығымен танысты. Оның туындыларында қазақ этнографиясы мен табиғат көріністері ерекше орын алады. Сонымен қатар суретші өз еңбектерінде ана, отбасы, махаббат тақырыптарын және отбасылық, жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін лирикалық образдарды бейнелейді.
Көрме 2026 жылғы 19 маусымға дейін жалғасады.