Соңғы жаңалықтар

28.11.2025 Қали Қораласбаевтың «КИЕЛІ МЕКЕН» жеке шығармашылық көрмесі

2025 жылдың 28 қарашасы күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық Орталық музейінде ҚР мәдениет үздігі, суретші, мүсінші, карикатурашы Қали Қораласбаевтың «КИЕЛІ МЕКЕН» есептік жеке шығармашылық

Подробнее »

19.11.2025 ж. «Шығыс  базары» тоғызыншы  пэчворк-фестиваль көрмесі Алматыда тоқыма өнерін сүйетіндер үшін есігін айқара ашады.

Алматы, Қазақстан, 2025 жыл, 19-26 қараша Қазақстан Республикасы Ұлттық Орталық музейінде пэчворк пен квилтингтің сәндік-қолданбалы өнеріне арналған «Шығыс базары» тоғызыншы көрме пэчворк-фестивалі өтеді. Бұл маңызды

Подробнее »

13.11.2025 «ПАТРИОТТАР УАҚЫТЫ» патриоттық фильмінің көрсетілімі

17 қараша Халықаралық студенттер күніне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейде 13 қараша күні сағат 14.00-де «ПАТРИОТТАР УАҚЫТЫ» патриоттық фильмінің көрсетілімі өтеді. Көрсетілімге шақырылған қонақтар

Подробнее »

07.11.2025 «Қазақ даласындағы Кобзарь: тарих пен тағдыр тоғысы» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде 2025 жылдың 7 қарашасы күні Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Түпқараған аудандық Тарас Шевченко мемориалдық музейі қоры негізінде «Қазақ

Подробнее »

22.01.2025 ж. Н.Г. Хлудовтың 175 жылдығына орай «Дала бояулары» атты көрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2025 жылдың 22 қаңтар күні, сағат 15:00-де көрнекті суретші, этнограф, өлкетанушы, Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінің мүшесі, Орыс географиялық қоғамы Жетісу бөлімінің негізін қалаушы Н.Г. Хлудовтың 175 жылдығына орай «Дала бояулары» атты көрмесін ашады.

Дәстүр мен әдет-ғұрыпты берік ұстану, ұрпақтар сабақтастығын өрбіту қашанда қазақ халқына тән қасиет болған. Қазақ халқы өзінің өмір салтының қайталанбас ерекшеліктері мен оның қағидаларын әлі де мұқият ұстанып келді. Қазақтың осындай өзіндік бір келбетін бейнелеп, артында өшбес мұра қалдырған дарынды суретшілердің бірі – Н.Г. Хлудов.

Николай Гаврилович Хлудов (1850-1935) – орыстың көрнекті суретшісі, 1879 жылы Қазақстанға келіп, бүкіл өмірін дерлік Жетісуда өткізген талантты суретші. Қазақ жері суретші үшін шығармашылық шабыттың қайнар көзі болды. Ол елді аралай жүріп, шебер табиғаттың түрлі көріністері мен сұлулығын бейнелейтін көптеген суреттер салған. Суретшінің шығармашылығында XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін, тұрмысын, шаруашылығын бейнелейтін туындылар ерекше орын алады.

Н.Г.Хлудов шығармаларының әлемі – ол өзі көрген әсем табиғаттың шынайы сұлулығын сезіну, оны бағалай білу және ұлттық дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың алуан түрлілігін бейнелеудің тамаша көрінісі.

Н.Г. Хлудов мұрасының ең маңызды бөлігі (211 жұмысы) ҚР Мемлекеттік орталық музейінің қорында сақтаулы. Оның ішінде 117 кескіндеме, 39 қарындашпен салынған эскиз, 55 акварель жұмысы және 3 альбом бар. Суретшінің «Нөсер жауын астындағы көш», «Барымта», «Бие сауу», «Өрмек басындағы тоқымашы», «Салтанатты көш», «Алау жанындағы әйел» туындылары көпшілікке етене таныс. Көрме экспозициясына суретшінің қыл қаламынан туындаған шығармаларымен қатар жеке заттары (жиһаздары, фотоаппараты, өлшеу құралдары және т.б.) мен фотоқұжаттық материалдар да қойылған.

Көрменің мақсаты: музей келушілерін көрнекті суретші Н.Г. Хлудовтың шығармашылық мұрасымен, соның ішінде қазақ халқының күнделікті тұрмыс-тіршілігін, этникалық ерекшеліктерін шынайы бейнелеген туындыларымен таныстыру.

Жазушы Ю.Домбровский Николай Хлудов дарынын шынайы жақсы көре отырып, өз естелігінде: «…ол тек дала мен тауларды ғана емес, сонымен бірге бұл өлкеге ​​алғаш келген кездегі әрбір адам сезінетін таңданыс пен қуаныш деңгейін де суреттеген. «Мен Хлудовтың сергектігін, қуанышын, өмірінің толықтығын, кенепке бейнелеген оқиғаларының сұлулығы үшін жақсы көремін. Маған оның әр туындысынан күн күлімдеп тұрғандай көрінеді. Анығырақ немесе қарапайым тілмен айтсам: «балалар қызықты құттықтау хаттарын, жарқын суреттерді, жылтырланған мұқабалы кітаптарды қалай қуанышпен қабылдаса, мен суретшінің туындыларын дәл солай қабылдаймын» – деп жазған болатын.

Н.Хлудовтың туындылары – бірегей, баға жетпес көркем мұра. 2003 жылы Орталық музей алғаш рет өз коллекциясындағы суретшінің туындыларынан каталог-альбомды жарыққа шығарып, қалың көрерменге ұсынған.

Көрме 2025 жылдың 25 ақпанына дейін жалғасады.