Соңғы жаңалықтар

11.12.2025 ж. Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – ел ұраны» атты көрме-іс шарасы

2025 жылғы 11 желтоқсаны күні сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшылығының басқармасымен және Жауынгерлік даңқ музейімен бірлесіп,

Подробнее »

29.11.2025 ж. Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай «Жүректен жүрекке» қайырымдылық мәдени іс-шарасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай «Жүректен жүрекке» қайырымдылық мәдени іс-шарасын өткізді.   Шара барысында ерекше жандардың құрметіне «Жүректен жүрекке» атты

Подробнее »

26.11.2025 «Батыр бабалар мемориалды» музейінің бірлескен «Түркілердің дәстүрлі қару-жарақ жүйесі: даму тарихы, құрылымы, этномәдени қызметі» халықаралық дөңгелек үстелі өтті

2025 жылдың 26 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі мен «Батыр бабалар мемориалды» музейінің бірлескен «Түркілердің дәстүрлі қару-жарақ жүйесі: даму тарихы, құрылымы, этномәдени қызметі» халықаралық

Подробнее »

28.11.2025 ж. Қали Қораласбаевтың «КИЕЛІ МЕКЕН» жеке шығармашылық көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде ҚР Мәдениет саласының үздігі, суретші, мүсінші, карикатурашы Қали Ерғазыұлы Қораласбаевтың 60 жылдық мерейтойына арналған «Киелі мекен» жеке шығармашылық көрмесінің ашылу

Подробнее »

19-26.11.2025 «Шығыс  базары» тоғызыншы  пэчворк-фестиваль көрмесі

2025 жылдың 21 қарашасында Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде пэчворк пен квилтингтің дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнеріне арналған тоғызыншы «Шығыс базары» пэчворк-фестивалінің ресми ашылу салтанаты өтті. Бұл

Подробнее »

22.10.2025 ж. «АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ!» атты мерейтойлық көрме

Қазақстан Республи     касы Ұлттық орталық музейі мен Репродуктивті медицина институты (РМИ) бірлесіп, Қазақстандағы алғашқы экстракорпоралдық ұрықтандыру (ЭКО) орталығының 30 жылдығына арналған «Армандар орындалады» мерейтойлық көрмесін ашты.

Көрменің ресми ашылуын Қазақстандағы алғашқы ЭКО зертханасының негізін қалаушы, бас дәрігер Тамара Жүсіпәлиева жүргізді. Ол өз сөзінде: «Институт – еліміздегі репродуктивті медицинаның мойындалған көшбасшысы, жетекші ғылыми орталық. Дәрігерлердің кәсіби біліктілігі мен еңбегінің арқасында бұл жерде 30 мыңнан астам сәби дүниеге келді» – дей келе барша дәрігерлерді мерейтоймен құттықтады.

«Армандар орындалады» көрмесінде Репродуктивті медицина институтының тарихы мен даму кезеңдерін сипаттайтын материалдар ұсынылған. Экспозицияда архивтік құжаттар мен фотосуреттер, бейнематериалдар, алғашқы жылдарға тән сирек кадрлар және Қазақстандағы ЭКО тарихына арналған деректі фильм көрсетіледі. Ерекше орын — РМИ бағдарламаларының арқасында дүниеге келген, бүгінде ержетіп, өз отбасыларын құрған балалар мен отбасылардың өмір тарихтарына берілген.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің сыртқы байланыстар бөлімінің жетекшісі, көрменің кураторы Анна Викторовна Кущенко атап өткендей:

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев репродуктивті денсаулық мәселелеріне ерекше мән береді. Осы бағытта Ұлттық орталық музей мемлекеттік бағдарламаларды, соның ішінде «Аңсаған сәби» бастамасын қолдай отырып, медицина саласындағы жетістіктер мен халық денсаулығына арналған тақырыптық көрмелер ұйымдастырады. Бұл бастама – бала сүюді армандаған отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетілген маңызды қолдау, сондай-ақ репродуктивті медицинаның ұлт болашағындағы рөлін айқындайды. Репродуктивті медицина институтымен бірлесіп, музей бірнеше жобаны жүзеге асырды. 2024 жылы музей көпбалалы және жас отбасыларды қолдау мақсатында Ана мен бала бөлмесін ашқан болатын. «Армандар орындалады» көрмесі әйел денсаулығын сақтау, репродуктивті медицинаны дамыту және отбасылық құндылықтарды насихаттау жолындағы ортақ еңбекті бейнелейді. Көрме – үміттің, сенім мен сүйіспеншіліктің символы».

Көрмеге ЭКО бағдарламалары арқылы бала сүйген, бақытқа кенелген отбасылар қатысты. Шара барысында балалар вокалдық тобы өнер көрсетіп, өмір, отбасы және махаббат туралы музыкалық қойылым ұсынылды.

Көрме 2025 жылдың 30 қазанына дейін жалғасады