Соңғы жаңалықтар

16.01-11.02.2026 «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты жаңа жылжымалы көрме

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Қазақстандағы Эстония Елшілігінің қолдауымен Эстонияның Ұлттық музейі (ENM) дайындаған «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты жаңа жылжымалы көрмені ұсынады. Көрме келушілерді

Подробнее »

31.12.2025 ж. Жаңа жылдарыңызбен!

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі жаңа жылдарыңызбен құттықтайды! Сізге мерекелік көңіл-күй, өмірде сәттілік және қызықты оқиғалар тілейді! Сіздерді жаңа 2026 жылы музейде күтеміз! Музей 2026

Подробнее »

17.12.2025 ж. Суретші Татьяна Шапироның «ЖАСУШАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ» атты жеке көрмесі

2025 жылғы 17 желтоқсанда сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде суретші Татьяна Шапироның «ЖАСУШАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Бұл — адамның

Подробнее »

15.12.2025 ж. «УАҚЫТ ЖАҢҒЫРЫҒЫ» атты Республикалық есептік көрмесі

2025 жылдың 15 желтоқсанында сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық Орталық музейінде «УАҚЫТ ЖАҢҒЫРЫҒЫ» атты Республикалық есептік көрменің ашылуы өтеді. Көрме Қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті тұлғалары

Подробнее »

11.12.2025 ж. Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – ел ұраны» атты көрме-іс шарасы

2025 жылғы 11 желтоқсаны күні сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшылығының басқармасымен және Жауынгерлік даңқ музейімен бірлесіп,

Подробнее »

16.01-11.02.2026 «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты жаңа жылжымалы көрме

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Қазақстандағы Эстония Елшілігінің қолдауымен Эстонияның Ұлттық музейі (ENM) дайындаған «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты жаңа жылжымалы көрмені ұсынады.

Көрме келушілерді эстон мәдениетінің ең танымал әрі поэтикалық қырларының бірі – қолғап тоқу дәстүрімен таныстырады. Қолғаптар ғасырлар бойы солтүстік климат жағдайында күнделікті тұрмыс қажетіне ғана емес, сонымен қатар сұлулыққа, шеберлікке және халық жадындағы рухани дәстүрлерге деген құрметтің символына айналған.

Көрменің тұжырымдамасы «Тілек ағашы» идеясынан алынған, онда қолғаптар ағаштың «жемістері» іспетті – иесінің жан дүниесімен қолының жылуын сақтайды.

Экспозицияда Орта ғасырлардан бүгінгі күнге дейінгі үлгілерден шабыт алатын бұйымдар ұсынылады. Олардағы әрбір өрнек пен қолданылған түс өз дәуірі мен аймақтық ерекшеліктерінен сыр шертіп, шебердің жеке туындысының айғағы болып табылады.

Көрмеде қойылған жұмыстар Эстон ұлттық музейінің түпнұсқа коллекцияларына сүйене отырып, Тарту университетінің Вильянди мәдениет академиясымен бірлесіп жасалған артефактілердің көшірмелері. Жобаның мақсаты – халық қолөнерін сақтау мен насихаттау, дәстүрлі әдістерді зерттеу және кәсіби шеберлікті дамыту.

«Қолмен өрілген қолғап сыры» жылжымалы көрмесі бұған дейін Венгрия, Нидерланд, Франция, Бельгия, Болгария, Грекия және Эстония елдерінде көрсетіліп, енді қазақстандық көрермендерге жол тартып отыр.

Екі ел де жыл мезгілімен, қолөнер шеберлігі және мәдени мұраға деген құрмет көзқарасымен ерекшеленеді.

Көрменің жұмыс істеу мерзімі: 2026 жылғы 16 қаңтардан 11 ақпанға дейін.

Куратор: Реэт Пиири (Эстон Ұлттық музейі)

Дизайн және графика: Мерике Тамм

Продюсер: Кристьян Раба (Эстон Ұлттық музейі)

Эстон ұлттық музейі – этнология және мәдениет тарихы саласындағы халықаралық деңгейде мойындалған ғылыми орталық. Музей эстон халқы мен фин-угор халықтарының тұрмысы мен дәстүрлерін таныстырады. Музей қорында шамамен 120 000 экспонат бар, олардың басым бөлігі www.muis.ee сайтында онлайн түрде қолжетімді.

2016 жылы ашылған заманауи музей ғимараты зертханалармен, қор сақтау және ғылыми кеңістіктермен жабдықталған. Эстон ұлттық музейі ғылыми зерттеу, көрме және ағартушылық қызметті ұштастыра отырып, мәдени мұраны кең аудиторияға қолжетімді етеді.

Мекен-ж.: Алматы қ., Самал-1, 44 үй.