Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі мен Ә. Қастеев атындағы Өнер және дизайн мектебі 2026 жылғы 27 маусымда сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін Ә. Қастеев атындағы Өнер және дизайн мектебі түлектерінің дипломдық жұмыстарының көрмесі мен дипломдық жобаларын қорғау іс—шарасын өткізеді.
Дипломдық жобаларды қорғау аясында 2026 жылғы 27 маусымға келесі іс—шаралар жоспарланған:
- 09:00–17:00 — түлектердің дипломдық жобаларын қорғау;
- 09:00–16:00 — тегін шеберлік сабақтары;
- 27.06.2026–13.07.2026 — Ә. Қастеев атындағы Өнер және дизайн мектебі түлектері мен оқушыларының дипломдық жобалары көрмесі.
Әбілхан Қастеев атындағы Өнер және дизайн мектебінің тарихы 1981 жылдан бастау алады. Сол жылы мектеп Алматы қаласындағы бастауыш көркем білім беретін алғашқы мамандандырылған оқу орны – Алматы балалар көркемсурет мектебі ретінде құрылған болатын.
Қазіргі таңда мектепте «Бейнелеу өнері» және «Техника және дизайн» бөлімдері жұмыс істейді. Мұнда 5 жастан бастап және одан жоғары жастағы оқушылар білім ала алады.
40 жылдан астам тарихында Ә. Қастеев атындағы Өнер және дизайн мектебі 100-ден астам байқаулық жобаларға белсене қатысып келеді. Олардың ішінде ең маңызды жобалар: «Қазақстан – жаңа әлемде», Mitsubishi Asian Children’s Enikki Festa (ЮНЕСКО Клубтары мен қауымдастықтарының Азия-Тынық мұхиты федерациясы), «The Planet of Art» халықаралық фестивалі, сондай-ақ жыл сайын ұйымдастырылатын республикалық байқаулар — Inktober Kasteyev, Drawember Kasteyev, «Наурыз түстері» және т.б.
ЮНЕСКО-ның алғашқы клубтарының қатарына кіретін Ә. Қастеев атындағы Өнер және дизайн мектебі жыл сайын жас талантты суретшілер мен болашақ мәдениет қайраткерлерін тәрбиелеп шығарады. Мектеп оқушылары түрлі байқауларға қатысып, халықаралық жеңімпаздар қатарын толықтырып келеді. Қорғауға ұсынылған әрбір жұмыс өзіндік ерекшелігімен, көркемдік колориті және орындау техникасымен дараланады. Оқушылардың жобалары әртүрлі бағыттарда әзірленген: кескіндеме, графика, мүсін, инсталляция, графикалық және сәулет дизайны, арт-нысандар және т.б.
Мектеп түлектері Алматы қаласында ғана емес, сонымен қатар шетелдік көркемөнер колледждері мен жоғары оқу орындарында білімін жалғастырады. Олар Англия, Қытай, Канада, АҚШ, Жапония, Ресей, Чехия және басқа да елдерде оқып, Қазақстан мен шетелдік жоғары оқу орындарына түсу көрсеткішінің жоғары деңгейін дәлелдеп келеді.
Ә. Қастеев атындағы Өнер және дизайн мектебінің оқушылары мен оқытушылары көрме аясында шеберлік сабақтарын өткізеді. Бұл сабақтар оқу ордасындағы шығармашылық өмірдің мазмұны мен қарқындылығын айқын көрсетеді.
2025–2026 оқу жылында Ә. Қастеев атындағы Өнер және дизайн мектебін 75 түлек аяқтайды. Олардың 36-сы «Дизайн»,
39-ы «Бейнелеу өнері» бағыты бойынша білім алған.
Көрмеде мектеп түлектерінің 100-ден астам жұмысы ұсынылады.
Көрме 2026 жылғы 27 маусымнан 13 шілдеге дейін жалғасады.
Анықтама телефондары: +7 747 371 7011, +7 702 225 2000.