Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі 2026 жылдың 29 маусымы күні сағат 11.00-де Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра бабалар аманаты» атты мәдени іс-шарасын өткізеді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақ халқының рухани болмысы мен мәдени мұрасының ажырамас бөлігі саналатын қасиетті домбыраны дәріптеу, оның тарихи, мәдени және тәрбиелік маңызын кеңінен насихаттау. Сонымен қатар, ұлттық өнерге деген құрметті арттырып, күй өнерін жас ұрпаққа таныту және домбыра тарту дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын асыл мұра ретінде дәріптеу көзделеді.
Домбыра – халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келген рухани қазынасы, ұлттық болмысы мен дүниетанымының айнасы. Оның қос ішегінен төгілген күйлер ұлт тарихын, елдің мұңы мен қуанышын, ерлігі мен өрлігін ұрпақ санасына жеткізіп келеді.
Мәдени іс-шара аясында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының өнерпаздары арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, көрермендерге қазақтың дәстүрлі күй өнері мен ұлттық музыкасының жауһар туындыларын тарту етеді.
Бұл мереке – халқымыздың төл өнеріне тағзым етіп, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға арналған ерекше күн.
Байланыс телефондары:
264-55-66, 8 707 598 57 53