Соңғы жаңалықтар

03.04.2026 ж. Суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесі

2026 жылы 3 сәуір, сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Бұл көрме

Подробнее »

02.04.2026 «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биеналесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде 2026 жылдың 2 сәуірі сағат 15:00-де «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биенналенің ашылуы өтеді. Аталған көрме – Қазақстан бейнелеу өнерінің

Подробнее »

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

Подробнее »

21.11.2024 ж. «Халық жүрегіндегі қаламгерлер» көрмесі

ҚР Мемлекеттік орталық музейінде қазақтың көрнекті ақын-жазушылары – С.Сейфуллин мен І.Жансүгіровтің 130 жылдық, Ә.Нүрпейісовтің 100 жылдық мерейтойлары аясында «ХАЛЫҚ ЖҮРЕГІНДЕГІ ҚАЛАМГЕРЛЕР» атты көрме ашылды.

Көрме музей қорында көптеген жылдар бойы жинақталып, сақталып келген жазушылардың өмірбаянынан, шығармашылықтарынан мағлұмат беретін түпнұсқалы фотосуреттер мен құжаттардың, қолжазбалар мен кітаптардың негізінде ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейіндегі «Халық жүрегіндегі қаламгерлер» көрмесіне әдебиеттің түрлі жанрына қалам тартқан жазушылардың жеке заттары, өмірі мен шығармашылығына қатысты бірегей жеке мұрағат материалдары, фотоқұжаттары, хаттары, еңбектері қойылды.
Алғашқы сөз Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музей директорының міндетін атқарушы – Ғалия Теміртонқызына берілді.
Көрнекті ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығына арналған көрменің құрметті қонағы, «Абай атындағы ҚазҰПУ» оқытушысы Иманғали Өркен сөз сөйледі.
Көрмеге «Абай атындағы ҚазҰПУ» студенттері қатысты.
Халықтың рухани мұратына қызмет еткен ұлы тұлғалар аз емес. Жазушының ғажайып таланты, халқына қалтқысыз қызмет еткен, көркем сөздің шыңына шығып, соңынан мәңгі өлмес мұра қалдырған әлемге әйгілі ақын-жазушылардың есімін ардақтап, халық жадында жаңғыртып отыру — біздің абыройлы міндетіміз.
Көрме соңы «ХАЛЫҚ ЖҮРЕГІНДЕГІ ҚАЛАМГЕРЛЕР» көрмесін тамашалаумен аяқталды.