Соңғы жаңалықтар

01.05.2025 ж. «Яблоневая палитра» кәсіби суретшілер қауымдастығының «Судағы шеңберлер» атты көркем шығармашылық көрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2025 жылғы 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні сағат 14:00-де «Яблоневая палитра» кәсіби суретшілер қауымдастығының «Судағы шеңберлер» атты көркем

Подробнее »

23.04.2025 ж. «Кәсіптің күші – халықтың игілігі» атты көрмесі

2025 жылғы 23 сәуір күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы кәсіптер жылы» деп жариялауына орай

Подробнее »

17.04.2025 ж. Суретші Жазира Жанабаеваның «Антилабиринт» жеке көрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2025 ж. 17 сәуірі сағат 16.00-де суретші Жазира Жанабаеваның «Антилабиринт» жеке көрмесін ашады. Вернисажда «Тау», «Гүлдер», «Аспан денелері» және басқа

Подробнее »

11.04.2025 ж. Музей жұмыс істемейді

Құрметті музей қонақтары! 2025 жылдың 11 сәуірі күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі техникалық себептерге байланысты жұмыс істемейді. Қалған күндері музей әдеттегі кесте бойынша өз

Подробнее »

11.12.2024 ж. «Тәуелсіздік – ел ұраны » мәдени-танымдық іс-шарасы және «Тәуелсіздік бастауы – желтоқсан» көрмесі

2024 жылдың 11 желтоқсан күні сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні  арналған «Тәуелсіздік – ел ұраны » мәдени-танымдық іс-шарасы және «Тәуелсіздік бастауы – желтоқсан» көрме  ашылуы өтеді.

Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуіне 1986 жылы Алматыда өткен желтоқстан оқиғасының бірден-бір себеп болғаны тарихтан мәлім. Содан бері Қазақстан халқы 16 желтоқсан күнін еліміздегі маңызды даталардың бірі – Тәуелсіздік күні ретінде атап өтеді. Бұл күн егемен еліміздің қалыптасуы мен дамуы жылдарында жүріп өткен сан қилы жолдарын еске түсіреді. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы тәуелсіз мемлекет құруға зор ықпал етіп, халық тағдырына түрлі өзгерістер әкелді. Уақыт өткен сайын бұл тарихи оқиғаның маңызы арта түседі және халық жадында болады.

Шараның мақсаты: Тәуелсіздік бастауы болған Желтоқсан оқиғасына қатысты деректі материалдармен таныстыру, Тәуелсіздігіміздің оңайлықпен келмегенін, қаншама жастарымыз қыршынынан қиылғандығы туралы мәлімет беру және өсіп келе жатқан жастарды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. :  Еліміздің өткені мен бүгінің қозғай отырып, Тәуелсіздікке қол жеткізудің оңай болмағаның ұғындыру. Жас ұрпақты ұлттық құндылығымыз бен жасампаздығымызды мақтан етуге, өз Отаның сүюге, қорғауға Желтоқсан құрбандарын әрдайым құрмет көрсетуге, ел мен жердің қадір қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.

Шараға келушілер назарына фотоқұжаттық, заттық экспонаттар, Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың құжаттары, фотосуреттері және осы тарихи оқиға туралы жазылған кітаптар қойылады. Экспонаттардың қатарында КСРО Халық әртісі Ә.Мәмбетовтың көтеріліске қатысқанын дәлелдейтін қанға боялған киімдері (пиджак, жейде және галстук) бар.

Мәдени-танымдық іс-шараға Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы Республикалық «Жас Ұлан» мектебінің, «Арыстан» мамандырылған лицейінің курсанттары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы«Оңтүстік» өңірлік  қолбасшылығының сарбаздары  қатысады.