Соңғы жаңалықтар

13.02.2026 ж. «ИРАН – ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде: визуалды баяндау» тақырыптық көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі 2026 жылғы 13 ақпанда сағат 16.00-де Алматыдағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығымен бірлесе отырып, «ИРАН – ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде:

Подробнее »

04.02.2026 ж. Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш және жылжымалы көрмесі

2026 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш пен

Подробнее »

31.01.2026 ж. Ұстаз, сазгер, ақын, қоғам белсендісі Сұлтанова Салтанат Дүйсенқызының «Әкеге сағыныш» атты кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі ұстаз, сазгер, ақын, қоғам белсендісі Сұлтанова Салтанат Дүйсенқызының «Әкеге сағыныш» атты жас оқырмандарға арналған жинақ кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімін өткізді.​

Подробнее »

16.01-11.02.2026 «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты жаңа жылжымалы көрме

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде Қазақстандағы Эстония Республикасының Елшілігінің қолдауымен, Эстонияның Ұлттық музейі әзірлеген «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты бірегей жылжымалы көрменің салтанатты ашылу рәсімі

Подробнее »

22.01.2025 ж. Н.Г. Хлудовтың 175 жылдығына орай «Дала бояулары» атты көрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2025 жылдың 22 қаңтар күні, сағат 15:00-де көрнекті суретші, этнограф, өлкетанушы, Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінің мүшесі, Орыс географиялық қоғамы Жетісу бөлімінің негізін қалаушы Н.Г. Хлудовтың 175 жылдығына орай «Дала бояулары» атты көрмесін ашады.

Дәстүр мен әдет-ғұрыпты берік ұстану, ұрпақтар сабақтастығын өрбіту қашанда қазақ халқына тән қасиет болған. Қазақ халқы өзінің өмір салтының қайталанбас ерекшеліктері мен оның қағидаларын әлі де мұқият ұстанып келді. Қазақтың осындай өзіндік бір келбетін бейнелеп, артында өшбес мұра қалдырған дарынды суретшілердің бірі – Н.Г. Хлудов.

Николай Гаврилович Хлудов (1850-1935) – орыстың көрнекті суретшісі, 1879 жылы Қазақстанға келіп, бүкіл өмірін дерлік Жетісуда өткізген талантты суретші. Қазақ жері суретші үшін шығармашылық шабыттың қайнар көзі болды. Ол елді аралай жүріп, шебер табиғаттың түрлі көріністері мен сұлулығын бейнелейтін көптеген суреттер салған. Суретшінің шығармашылығында XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін, тұрмысын, шаруашылығын бейнелейтін туындылар ерекше орын алады.

Н.Г.Хлудов шығармаларының әлемі – ол өзі көрген әсем табиғаттың шынайы сұлулығын сезіну, оны бағалай білу және ұлттық дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың алуан түрлілігін бейнелеудің тамаша көрінісі.

Н.Г. Хлудов мұрасының ең маңызды бөлігі (211 жұмысы) ҚР Мемлекеттік орталық музейінің қорында сақтаулы. Оның ішінде 117 кескіндеме, 39 қарындашпен салынған эскиз, 55 акварель жұмысы және 3 альбом бар. Суретшінің «Нөсер жауын астындағы көш», «Барымта», «Бие сауу», «Өрмек басындағы тоқымашы», «Салтанатты көш», «Алау жанындағы әйел» туындылары көпшілікке етене таныс. Көрме экспозициясына суретшінің қыл қаламынан туындаған шығармаларымен қатар жеке заттары (жиһаздары, фотоаппараты, өлшеу құралдары және т.б.) мен фотоқұжаттық материалдар да қойылған.

Көрменің мақсаты: музей келушілерін көрнекті суретші Н.Г. Хлудовтың шығармашылық мұрасымен, соның ішінде қазақ халқының күнделікті тұрмыс-тіршілігін, этникалық ерекшеліктерін шынайы бейнелеген туындыларымен таныстыру.

Жазушы Ю.Домбровский Николай Хлудов дарынын шынайы жақсы көре отырып, өз естелігінде: «…ол тек дала мен тауларды ғана емес, сонымен бірге бұл өлкеге ​​алғаш келген кездегі әрбір адам сезінетін таңданыс пен қуаныш деңгейін де суреттеген. «Мен Хлудовтың сергектігін, қуанышын, өмірінің толықтығын, кенепке бейнелеген оқиғаларының сұлулығы үшін жақсы көремін. Маған оның әр туындысынан күн күлімдеп тұрғандай көрінеді. Анығырақ немесе қарапайым тілмен айтсам: «балалар қызықты құттықтау хаттарын, жарқын суреттерді, жылтырланған мұқабалы кітаптарды қалай қуанышпен қабылдаса, мен суретшінің туындыларын дәл солай қабылдаймын» – деп жазған болатын.

Н.Хлудовтың туындылары – бірегей, баға жетпес көркем мұра. 2003 жылы Орталық музей алғаш рет өз коллекциясындағы суретшінің туындыларынан каталог-альбомды жарыққа шығарып, қалың көрерменге ұсынған.

Көрме 2025 жылдың 25 ақпанына дейін жалғасады.