Соңғы жаңалықтар

03.04.2026 ж. Суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесі

2026 жылы 3 сәуір, сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Бұл көрме

Подробнее »

02.04.2026 «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биеналесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде 2026 жылдың 2 сәуірі сағат 15:00-де «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биенналенің ашылуы өтеді. Аталған көрме – Қазақстан бейнелеу өнерінің

Подробнее »

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

Подробнее »

28.02-02.03.2025 ж. «ҚЫЗҒАЛДАҚТАР УАҚЫТЫ» атты жәрмеңкесі

Наурыз – көктемнің басталуы, жарықтың салтанаты, табиғаттың оянып, жаңа өмірдің жандануы. Бұл мезгіл – күннің шуағы мен жылуы, үміт пен шабыттың кезеңі. Ал 8 наурыз – нәзіктік пен сұлулықты дәріптейтін, әйелдер қауымы үшін ең сүйікті мерекелердің бірі! Бұл күннің айрықша символы – қызғалдақтар, сондықтан біз «ҚЫЗҒАЛДАҚТАР УАҚЫТЫ» атты жәрмеңкемізді осы көркем гүлдің құрметіне арнадық. Өйткені «Қызғалдақтар уақыты» – бұл сұлулықтың, қуаныштың және ерекше сыйлықтардың мезгілі!

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, 2025 жылғы 28 ақпан мен 2 наурыз аралығында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Орталық Азия қолөнер көрме-жәрмеңкесі өтеді. Бұл шараға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстаннан келген талантты шеберлер қатысып, өз өнер туындыларын ұсынады.

Көрмеде келушілер сәндік-қолданбалы өнер туындыларымен және қазақтың дәстүрлі қолөнер түрлерімен танысып, өздері үшін эксклюзивті сыйлықтар – Қазақстан мен Орталық Азия шеберлерінің қолөнер бұйымдарын таба алады. Мұнда қолөнер шеберлері келушілер назарына моншақтан, аң терісі мен былғарыдан, күміс пен табиғи тастардан жасалған авторлық әсем әшекейлерді, дизайнерлік киімдерді, керамикалық бұйымдарды, тоқыма және трикотаж өнімдерін, қолмен тоқылған кілемдерді, батик, гобелен, панно, картиналарды, интерьерге арналған заттарды, сандықшалар мен басқа да көптеген өнер туындыларын ұсынады.

Көрме-жәрмеңке шығармашылық пен сұлулыққа толы көктем мерекесінің ерекше атмосферасын сыйлайды. Әрбір келуші мұнда жай ғана кәдесый емес, шеберлерден жүрек жылуын сыйлайтын ерекше сыйлық тауып, қуаныш пен ұмытылмас әсерге бөленеді!

Сонымен қатар, үш күн бойы, сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін, жәрмеңке қонақтары қызықты шеберлік сабақтарына қатыса алады:

Керамикалық саз балшықтан зергерлік бұйымдар мен әр түрлі фигураларды және періштелерді мүсіндеу  (шебер – Кокосенко Оксана);

Киіз басу өнері бойынша, онда қатысушылар бұл   материалмен жұмыс істеудің дәстүрлі әдістерін меңгере алады  (қолөнер шебері – Сауғабекова Әлия);

Орталық музей сіздерді шығармашылықтың ерекше әлеміне еніп, жаңа дағдыларды меңгеріп, өз қолыңызбен бірегей туынды жасауға шақырады!

Көрме-жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 2025 ж.  28.02 – 02.03, сағат – 9.00 — 18.00-ге дейін.

Өтетін орны: Самал-1, 44 үй. Анықтама бойыншы тел.: 264 26 80

Көрме-жәрмеңкеге кіру – ақылы.