Соңғы жаңалықтар

04.07.2025 ж. «Күмбірле, қоңыр домбыра» көрмесі және Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік іс-шара

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде 2025 жылдың 4 шілдесі, сағат 11:00-де Ұлттық домбыра күніне орай музей қорындағы музыкалық аспаптар коллекциясынан жасақталған «Күмбірле, қоңыр домбыра» атты

Подробнее »

28.06.2025 ж. Ә. Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебі түлектерінің дипломдық жұмыстарын қорғайды  және  көрме

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі мен Әбілхан Қастеев атындағы   өнер және дизайн мектебі  бірлесіп 2025 жылғы 28 маусым күні сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін Ә. Қастеев

Подробнее »

16.06.2025 ж. «ЧЮРЛЁНИС ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ: ӨНЕР МЕН ӘУЕН ҮЙЛЕСІМІ» литвалық суретшінің халықаралық көрмесі

2025 жылғы 16 маусым күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен Литва Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының ынтымақтастығымен ұйымдастырылып отырған атақты литвалық суретші

Подробнее »

16.05.2025 ж. Суретші Юлия Проскураның «КӨШПЕЛІ РУХЫ» жеке көрмесі

2025 жылғы 16 мамыр күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын суретші Юлия Проскураның «КӨШПЕЛІЛЕР РУХЫ» жеке көрмесінің ашылуына

Подробнее »

05.03.2025 ж. «АБАЙ ЖОЛЫМЕН» бірегей көркемөнер туындыларының ұжымдық көрмесі

2025 жылдың 5 наурызы сағ.: 16:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетімен бірлесіп, «Өнер факультетінің» профессор-оқытушылары, студенттері мен түлектерінің қатысуымен ұлы ойшыл әрі ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «АБАЙ ЖОЛЫМЕН» бірегей көркемөнер туындыларының ұжымдық көрмесін ашады.

Бұл айтулы мәдени оқиға Абай шығармашылығының сан қырлылығының және ұлы тұлғаның Қазақстанның көркемөнер мәдениетіне өлшеусіз ықпалының жарқын көрінісі, сондай-ақ Абай идеяларын түсіндіруде дәстүрлер мен жаңашылдықты біріктіретін ұрпақтар арасындағы шығармашылық диалог алаңына айналады. Ұсынылған әрбір өнер туындысы – ақынның мұрасы, оның философиясы және мәңгілік рухани-адамгершілік құндылықтары туралы терең ой.

Абай шығармашылығының мәні болып табылатын ұлттық бірегейлік тақырыбына айрықша назар аударылатын болады. Жас суретшілердің, оқытушылардың ұлы ойшылдың жас ұрпақты жігерлендіре шабыттандыратын идеяларын танытатын жұмыстарынан олардың ақын мұрасын қабылдаулары көрінеді.

Көрмеде өнер факультетінің дарынды студенттері, оқытушылары мен түлектерінің 80нен астам өнер туындылары ұсынылады. Экспозиция төмендегідей көркемдік техниканың ауқымды спектрін қамтиды:

  • Кескіндеме (майлы бояу, акрил, акварель): Абайдың портреттері, оның өлеңдері мен поэмаларына иллюстрациялар;
  • Графика( гравюра, линогравюра, ою): ұлы ақын шығармаларының графикалық интерпретациясы;
  • Сәндік-қолданбалы өнер (ұлттық ою-өрнек, тоқыма, киіз, зергерлік өнер): Абай жазған бай мәдени мұрадан шабыт алған туындылар.

Қазақстанның: Темірхан Ордабеков, Нұрлан Қилыбаев, Мәлік Қайдаров, Серғазы Құсайынұлы Жаманқараев, Құрман Қалиұлы Мұратаев, Майра Сыздыққызы Нүрке, Мият Баймекеевич Джанаев және басқа да көрнекті суретшілерінің еңбектеріне айрықша назар аударылады.

Көрме аясында университет оқытушылары мен студенттерінің:

  • Дәстүрлі қазақ кескіндеме және графика өнерінің техникасы;
  • Киіз өңдеу, былғары және кестелеу өнерін қоса алғанда, ұлттық қолөнер түрлерінен шеберлік-сабақтар өткізіледі.

«Абай жолымен» көрмесі — бұл жай ғана экспозициялық көрме емес, бұл тарихқа шолу, қазақ мәдениетінің тұңғиығын сезіну және ұлы Абай Құнанбаевтың мұрасына деген жаңа көзқарас. Біз барлық шығармашылық және өнер сүйер қауымды аталмыш іс-шараға қатысуға және шығармашылық, дәстүр және мәдени мұраны жаңғыртуға куә болуға шақырамыз!