Соңғы жаңалықтар

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағымен бірлесіп, 2026 жылы 19 наурыз күні сағат 10:00-де «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесін ашады. «ҮШ ҰРПАҚТЫҢ СӘУЛЕТІ»

Подробнее »

16.03.2026 ж. «Nomadic Art: Дала мәдениетінің жаһандық бейнесі» атты халықаралық фестиваль және  ғылыми-практикалық конференциясы

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі, Алматы қаласы әкімдігінің Туризм басқармасы және Қазақстан этнодизайнерлер одағымен бірлесіп 2026 жылдың 16 наурызы күні – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр

Подробнее »

04. 03 2026 ж. «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және ұлттық сана» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2026 жылғы 4 наурызда ҚР Ұлттық орталық музейі қабырғасында мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдық мерейтойына арналған «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және

Подробнее »

14-23.03.2025 ж. Наурыз мерекесін тойлаудың он күндік тұжырымдамасы

ҚР Мемлекеттік Орталық музейі Наурыз мерекесін тойлаудың он күндік тұжырымдамасы аясында 2025 жылғы 14-23 наурыз аралығында бірқатар мәдени-танымдық іс-шаралар мен акциялар өткізеді. Он күннің әрқайсысы Қазақстан халқының бай дәстүрлері мен мәдениетінің көптүрлілігін, сондай-ақ қоғамның құндылықтарын бейнелейтін белгілі бір тақырыпқа арналады.

14 наурыз – Көрісу күні (Амал мерекесі): Наурызнама онкүндігінің бірінші күні Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі және ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы «Ұлы Даланың Ұлттық Дәстүрлері» III-ші Халықаралық ғылыми форумын өткізеді. Форумның мақсаты – «Көрісу күні» мерекесін насихаттау және түркітілдес халықтардың этникалық тарихы мен мәдени мұрасын зерттеу. Форум барысында жалпы түркі тарихы, мәдени және тілдік бірегейлік мәселелері қарастырылады. Форум аясында Open Space – «Ұлттық мәдениетті насихаттаудың заманауи трендтері» пікірталас алаңы және ҚР Мемлекеттік орталық музейі мен  Қазақстан қолөнершілер одағының бірлескен «Шеберлер алаңы» атты қолөнершілер көрмесі өтеді.

15 наурыз – Қайырымдылық күні: Бұл күні сағат 11:00-де Орталық музей Қазақстанның Алматы облысындағы арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларға арналған Облыстық балалар орталығын қолдау мақсатында «Мейірімділік жүректен!» атты қайырымдылық акциясын өткізеді. Акция балаларды қолдауға, жас ұрпақтың қазақ халқының тарихи мұрасына қызығушылығын қалыптастыруға және ұлттық дәстүрлермен таныстыруға бағытталған. Акция аясында орталықтың 50 тәрбиеленушісі үшін «Қазақ кілемінің өрнегі», «Ұлы даланың қызғалдағы» аппликациясы және «Көктем симфониясы» сурет салу бойынша шеберлік сабақтары өтеді. Шеберлік сабақтарды Қазақстанның танымал суретшісі, Қазақстан суретшілер одағының басқарма мүшесі Мақсат Қаңтарбаев жүргізеді.

16 наурыз – Шаңырақ күні: Жас ұрпақты тәрбиелеуде отбасының маңызы зор, ол адамға балалық шақтан бастап – сүйіспеншілік, құрмет, сенім, өзара көмек, ізгілік, дәстүрді қадірлеу және ұрпақ жалғастыру сынды отбасылық құндылықтарға үйретеді. Осы мақсатта 15:00-де музейде «Бақытты отбасы» атты мәдени-отбасылық шара өтеді. Шара қазақ халқының тарихы мен дәстүрлеріне, сондай-ақ отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған.

17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні: Бұл күні сағат 11:00-де Орталық музей мәдениет пен ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Ұлыс оң болсын!» мәдени-танымдық іс-шарасын өткізеді. Келушілер қазақ халқының ең маңызды әрі көне дәстүрлерінің бірі – «Тұсау кесер» рәсімімен танысады.

18 наурыз – Ұлттық киім күні: Бұл күні сағат 12:00-де «Достық Плаза» сауда кешенінде ұлттық киімдердің лекция-дефилесі көрсетіледі. «Үкілі камшат, бүрмелі көйлек…» атты шара дәстүрлі қазақ киімдерінің үлгілерін таныстыруға бағытталған. Бұл күні әрбір қазақстандық өзінің даралығын киім арқылы білдіруге мүмкіндік алады.

19 наурыз – Жаңару күні: 15:00-де Орталық музей «Жаңару – жақсылықтың нышаны» атты мәдени-танымдық іс-шара өткізеді. Бұл шара қазақ халқының отпен тазарту дәстүрлерін қайта жаңғыртуға арналады. Шара Қазақстанның белсенді ұзақ өмір сүру орталығымен бірлесіп өткізіледі.

20 наурыз – Ұлттық спорт күні: Сағат 14:00-де Орталық музей ұлттық спорт ойындарын ұсынады. Шеберлік сабақтарда тоғызқұмалақ және асық ату сияқты қазақтың дәстүрлі спорттық ойындары таныстырылады.

21 наурыз – Ынтымақ күні: Бұл мереке қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрі мен мәдениетінің көрінісін паш етіп, Қазақстан халқының бірлігі мен ұлттық мұрасының көп түрлілігін бейнелейді. Осы күні халықтың бірлігі мен ынтымақтастығына арналған«Ынтымақты ұрпақ – жарқын болашақ» атты видеолекция әлеуметтік желіде жарияланады.

22 наурыз – Жыл басы: Сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін Орталық музей «Армысың, Әз-Наурыз!» атты тақырыптық экскурсияға шақырады. Экскурсия барысында келушілер Наурыз мейрамы дәстүрлерімен, қазақ халқының фольклорымен, халықтық әндерімен және күй өнерімен танысады.

23 наурыз – Тазару күні: Бұл күні Орталық музей қызметкерлері табиғат пен оның ресурстарына ұқыпты қарауды насихаттау мақсатында сенбілік өткізеді.