Соңғы жаңалықтар

17.12.2025 ж. Суретші Татьяна Шапироның «ЖАСУШАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ» атты жеке көрмесі

2025 жылғы 17 желтоқсанда сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде суретші Татьяна Шапироның «ЖАСУШАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Бұл — адамның

Подробнее »

15.12.2025 ж. «УАҚЫТ ЖАҢҒЫРЫҒЫ» атты Республикалық есептік көрмесі

2025 жылдың 15 желтоқсанында сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық Орталық музейінде «УАҚЫТ ЖАҢҒЫРЫҒЫ» атты Республикалық есептік көрменің ашылуы өтеді. Көрме Қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті тұлғалары

Подробнее »

11.12.2025 ж. Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – ел ұраны» атты көрме-іс шарасы

2025 жылғы 11 желтоқсаны күні сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшылығының басқармасымен және Жауынгерлік даңқ музейімен бірлесіп,

Подробнее »

05.12.2025 ж. KAU School «Көк аспан астында» оқушылары мен мұғалімдерінің көрмесі

2025 жылдың 5 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде «KAU School» мектебі оқушыларының «Көк аспан астында» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Экспозиция Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне

Подробнее »

29.11.2025 ж. Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай «Жүректен жүрекке» қайырымдылық мәдени іс-шарасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай «Жүректен жүрекке» қайырымдылық мәдени іс-шарасын өткізді.   Шара барысында ерекше жандардың құрметіне «Жүректен жүрекке» атты

Подробнее »

16.04.2025 ж. «Акварельді фреш-III» дәстүрлі көрмесі

2025 жылғы 16 сәуірде сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «Акварельді фреш-III» дәстүрлі көрмесінің ашылуы өтеді. Бұл музей мен «Акварельді фреш» клубының бірлесе ұйымдастырып отырған, Қазақстанның танымал акварельші суретшілерінің қатысуымен өтетін үшінші республикалық көрмесі. Көрмеге Ақтөбе, Көкшетау, Өскемен, Астана, Тараз, Шымкент және басқа да қалалардан келген белгілі суретшілер қатысады.

Акварель бояуы – кескіндемедегі ең күрделі әдістердің бірі. Ол минималды құралдар мен максималды мәнерлілікті пайдалана отырып, әлемді барлық түстерде, нәзік әрі шынайы түрде көрсете алады. Бұл жеңіл әрі қозғалмалы кескіндеме техникасы, ерекше шеберлік пен шыдамдылықты талап етеді.

Акварель көрмелері Қазақстанда сирек ұйымдастырылады. Соңғы кездері акварель шығармашылығына суретшілер ғана емес, келушілер де қызығушылық танытатынын байқауға болады. Көрмеге 56 акварельші суретшінің 110-нан астам туындылары ұсынылады. Олардың арасында тәжірибелі кәсіби шеберлер мен жастар бар.

Қатысушылар қатарында белгілі суретшілер, қазақ өнерінің қайраткерлері, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшелері, Өнер академиясының академиктері, суретші-педагогтар бар: Марлан Нысанбаев, Вера Малышева, Лидия Дроздова, Игорь Гущин, Ирина Запорожец, Диана Каплун, Наталья Булгакова, Арина Зырянова, Гаухар Жүнүсова, Динара Мұратаева, Құрман Мұратаев, Олега Коломыцева, Аслан Қабдолданов, Елена Попова, Тамара Ким, Майса Ықласова, Галина Пащенко, Ғалымжан Суюнов, Рашид Құлбатыров, Александр Осипов, Асия Хайрулина, Ольга Белова, Анастасия Минаева, Алтынай Шарипова, Күмісай Шарипова, Диана Шайхеслямова, Яна Сатушева, Елена Машкина, Қали Қораласбаев, Марина Ким, Әліма Амангелді, Лизавета Антропова, Асқар Бейшекеев, Рысбек Искаков, Альфия Сафи, Чинара Каскеева, Жарас Мамырбаев, Майра Узбаева, Марина Луценко, Перизат Есназарова, Гульмира Хамитова, Елдос Азаматұлы, Айгерім Орал, Елена Панина, Құралай Умбетова, Анна Сербенко, Елена Белова, Максим Ведерников, Мақсат Қантарбаев, Камилла Лаптева, Жұмағұл Мамбетов, Дина Гаитова, Марина Гречкина, Юрий Бурмистров, Шахсанам Бахытжанова.

Көрменің тұжырымдамасы келесі мақсаттарды көздейді: акварельдік кескіндеменің әртүрлі жанрлары мен стильдерінің тұтас спектрін көрсету; қазіргі заманғы дарынды акварельшілерді анықтау, олардың бағалы, көп еңбекті қажет ететін жұмыстарын қолдау және Қазақстанның әр өңірінен келген акварель суретшілерінің өнерін кеңінен насихаттау.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Біз таза акварель өнеріне арналған көрменің ашылатынына қуаныштымыз және бұл экспозиция Қазақстандағы акварельші суретшілердің таланты мен күш-жігерін өнер сүйер қауымға паш етіп, олардың шығармашылығына шабыт береді деп үміттенеміз».

Көрменің кураторы: «Акварельді фреш» клубының жетекшісі, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Грузия Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Суретшілер Академиясының ҚҚ вице-президенті, арт-менеджер – Марлан Нысанбаев.

Көрме 2025 ж. 30 сәуіріне дейін жалғасады.