Соңғы жаңалықтар

05.03.2026 ж. «Балалық шақ пен көктем палитрасы» атты балалар шығармашылығы көрмесі

2026 жылғы 5 наурыз күні сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «АртУм» балалар студиясының «Балалық шақ пен көктем палитрасы» атты балалар шығармашылығы көрмесінің ашылу

Подробнее »

02.03.2026 ж. «ҚОЛӨНЕР ТАРИХЫ» атты жеке көрмесі

2026 жылдың 2 наурызында сағат 16:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейінде Қазақстанның халық қайраткері, Қазақстан Көркемөнер академиясының және «MONDIAL ART ACADEMIA» Дүниежүзілік өнер академиясының академигі

Подробнее »

Әкімшілік

Саров Сержан Бараханұлы – Директордың міндетін атқарушы

Саров Сержан Бараханұлы 8 қаңтар 1983 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаражота ауылында дүниеге келген.

2002-2006 жж. аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Тарих факультеті, тарих, құқық және экономика негіздері мамандығын алып шықты.

2018-2020 жж. аралықтарында Абай атындағы Қазақ Педагогикалық университеті, Тарих және құқық институты. Тарих ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы тарихы музейінің кіші ғылыми қызметкерінен бастады. 2008-2017 жылдар аралығында ғылыми қызметкер және аға ғылыми қызметкер, тарихи-мәдени мұра бөлімінің меңгерушісі, ғылыми-экспозициялық бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2018 жылы «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директорының ғылым жөнінен орынбасары және сол жылы директордың міндетін атқарушысы. 18.03.2019 — 13.03.2020 жж. аралықтарында «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директоры болып тағайындалды.

14.03.2020 – 07.09.2022 жж. «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директорының ғылым жөніндегі орынбасары.

12.09.2022  – 31.01.2023         Алматы қаласы Мәдениет басқармасы

«Алматы әуендері» КМҚК директорының кеңесшісі

2007 – 2010 жж. Мемлекеттік мәдени мұра бағдарламасы аясында Ә.Марғұлан атындағы археология институты мен Алматы қаласы тарихы музейі бірлескен қала маңындағы археологиялық ескерткіштерінің зерттеу жұмыстарына қатысқан, Алматы маңындағы апатты деп танылған б.д.д V-III ғғ. ЕТД ескерткіштеріне қазба жұмыстарын жүргізді..

2014-2018 жылдар аралығында Алматы қаласы Мәдениет басқармасы мен Алматы қаласындағы 140-тан астам тарихи мәдени ескерткіштерге бақылау жұмыстарымен айналысып, ескерткіштерге ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында 10 аса ғылыми мақалалар жарық көрді.

БАҚ өкілдерімен Алматы қаласындағы тарихи ескерткіштер мен мәдени орындардың тарихы жайлы бағдарламаларға қатысты тақырыптық сұқбаттар берді.

«Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК қарасты музейлердің экскпозициялық жұмыстарына ат салысып, қазіргі таңда Алматы қаласы музейлер бірлестігінің ғылыми-қор, ғылыми-зерттеу, мәдени танымдық жұмыстарын қолға алып, даму жұмыстары жасалды. Қызмет барысында Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі, Д.А. Қонаевтың мемориалдық музейі, Ғ. Мүсіреповтың әдеби-мемориалдық музейі сияқты т.б музейлердің экспозициялық жұмыстарына қатысты.

 

Балаева Арайлы  Бақытқызы – Директордың музейлік менеджмент және маркетинг жөніндегі                                                                                                 орынбасары.

Балаева Арайлы Бақытқызы 09 ақпан 1982 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген.

1998-2002жж. аралығында Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетінің филология факультетін «Басқа ұлт мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген.

2002-2004  жж. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. Магистратура.  Педагогика магистрі.

2022-2025 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. Докторантура.

2006 жылдан бастап «Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музейі» РМҚК:

2006 жж. Мәдени-білім жұмысы орталығы,  музейлік менеджмент секторының  1 категориялы жоғары дәрежелі менеджері.

2006 — 2007 жж. Кадр жұмысын ұйымдастыру бөлімінің жоғары категориялы жоғары дәрежелі мұрағатшы маманы.

2007-2016 жж. Кадр жұмысын ұйымдастыру бөлімінің жоғары категориялы жоғары дәрежелі инспектор маманы.

2016 -2022 жж. Кадр жұмысын ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі.

2023 ж.  Антропология және этнология бөлімінің кіші ғылыми қызметкері.

2023-2025 жж.  Антропология және этнология бөлімінің жетекшісі

2025 жылдың 23 маусымынан  директордың музейлік менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары.

Марапаттары: 2021 ж. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің  «Құрмет» грамотасы;

2022 ж. Мәдениет саласына қосқан үлесі үшін, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің  «Құрмет» грамотасы;

2024 ж. Мәдениет саласына қосқан үлесі үшін, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат  министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі.

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Техникалық себептерге байланысты 27 ақпан күні музей ерте, сағат 16:30-де жабылатынын хабарлаймыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.