Соңғы жаңалықтар

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағымен бірлесіп, 2026 жылы 19 наурыз күні сағат 10:00-де «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесін ашады. «ҮШ ҰРПАҚТЫҢ СӘУЛЕТІ»

Подробнее »

16.03.2026 ж. «Nomadic Art: Дала мәдениетінің жаһандық бейнесі» атты халықаралық фестиваль және  ғылыми-практикалық конференциясы

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі, Алматы қаласы әкімдігінің Туризм басқармасы мен Қазақстан этнодизайнерлер одағымен бірлесіп 2026 жылдың 16 наурызы күні сағат 11.00-де «Наурызнама» онкүндігі аясында,

Подробнее »

04. 03 2026 ж. «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және ұлттық сана» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2026 жылғы 4 наурызда ҚР Ұлттық орталық музейі қабырғасында мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдық мерейтойына арналған «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және

Подробнее »

25.02.2026 ж. «Қаңлы археологиялық деректер негізінде» атты көрме

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі мен Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты бірлесіп тарих ғылымдарының докторы, профессор Александр Николаевич Подушкиннің екі томдық «Қаңлы  мемлекеті б.д.д. II

Подробнее »

28.11.2025 ж. Қали Қораласбаевтың «КИЕЛІ МЕКЕН» жеке шығармашылық көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде ҚР Мәдениет саласының үздігі, суретші, мүсінші, карикатурашы Қали Ерғазыұлы Қораласбаевтың 60 жылдық мерейтойына арналған «Киелі мекен» жеке шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Көрме барысында қатысушылар суретшінің өмір жолына, шығармашылық мұрасына және туған жерге деген шынайы құрметіне негізделген туындыларымен танысты.

Көрменің мақсаты — ұлттық мәдениетті жаңғырту, Қазақстанның бейнелеу өнерін көпшілікке таныту, рухани құндылықтарды терең насихаттау. «Киелі мекен» көрмесінде туған жер тарихы, ұлттық болмыс пен табиғат сұлулығы бейнеленіп, көрерменге ел мәдениетінің терең тамырын сезінуге мүмкіндік берді.

Көрменің ашылу салтанатында суретшінің алғашқы ұстаздары мен әріптестері сөз алып, Қали Қораласбаевтың шығармашылық жолының ерекшелігі мен ел мәдениетіне қосқан үлесін атап өтті.

Салтанатты рәсімде ҚР Ұлттық орталық музейінің ғалым-хатшысы Жайнақов Ерсін Маралбекұлы, Жамбыл облысының құрметті азаматы, меценат Сауранбаев Болат Оспанұлы, Шу ауданының құрметті азаматы, «Ұлағат отауы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлжахан Кәрібайқызы, «Руханият Шу» қоғамдық қорының төрағасы Атаев Сәкен Бердібекұлы, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, суретшінің алғашқы ұстаздарының бірі Әлжанов Серікбай Мүбәракұлы, Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағының мүшесі Егезеков Мұхтар Мұрасқалиұлы, Қазақстан және Грузия Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Өнер академиясының вице-президенті Марлан Кенесұлы Нысанбаев, Шу ауданының әкімі Жәнібеков Бақытжан Оразалыұлы құттықтау сөз сөйлеп, суретшінің еңбегіне жоғары баға берді.

Көрме барысында Қали Қораласбаевтың шығармашылығына арналған жаңа форматта дайындалған кітаптың тұсаукесері өтті. Жинаққа автордың кеңінен танымал туындыларымен қатар, бұрын жарияланбаған жұмыстары мен мұрағаттық фотосуреттері енді.

Салтанатты іс-шарада Шу ауданына арнайы келген Әбілахат Еспаев атындағы саз мектебінің ансамблі музыкалық тартуын ұсынып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Шара соңында «Киелі мекен» көрмесінің авторы Қали Ерғазыұлы Қораласбаев сөз сөйлеп, келген қонақтарға алғысын білдірді.

 Көрме ұлттық өнеріміздің дамуына тың серпін беріп, көрермендерге рухани байлық сыйлаған маңызды мәдени оқиға ретінде есте қалды.