16.04.2025 ж. «Акварельді фреш-III» дәстүрлі көрмесі

2025 жылғы 16 сәуірде сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «Акварельді фреш-III» дәстүрлі көрмесінің ашылуы өтеді. Бұл музей мен «Акварельді фреш» клубының бірлесе ұйымдастырып отырған, Қазақстанның танымал акварельші суретшілерінің қатысуымен өтетін үшінші республикалық көрмесі. Көрмеге Ақтөбе, Көкшетау, Өскемен, Астана, Тараз, Шымкент және басқа да қалалардан келген белгілі суретшілер қатысады. Акварель бояуы – кескіндемедегі ең […]

05.04.205 ж. «Қарағым-ай» көркемөнер көрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде 2025 ж. 5 сәуірде сағат 14:00-де «Қарағым-ай» көркемөнер көрмесінің ашылуы өтеді. «Қарағым-ай» – сүйіспеншілікке, қамқорлыққа толы үндеу, қазақтың шексіз мейірімін білдіретін жүрекке жылы сөз. Көрме Индира Элиф Бадамбаева жетекшілік ететін ART студиясында білім алатын жиырмаға жуық қыз-келіншектердің өнер туындыларын ұсынады. Олардың әрқайсысы үшін кескіндеме өнері бір кездері алыс әрі қолжетімсіз […]

19.03.2025 «ШЫҒЫСТАН БАТЫСҚА ДЕЙІН» коллекциялық қуыршақтар көрмесі

2025 жылдың 19 наурызы күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі, «Art Dolls Collection_KZ» шығармашылық одағымен бірлесіп, «ШЫҒЫСТАН БАТЫСҚА ДЕЙІН» коллекциялық қуыршақтар көрмесін ашады. Қуыршақ өнері елімізде жаңадан дамып келе жатқан өнер түрі. Осыған қарамастан, «Art Dolls Collection_KZ» шығармашылық одағының құрамына кіретін бірқатар шеберлер бас қосып, Алматы, Астана, Риддер, Жаркент қалаларынан жиналған 21 шебер […]

15.03.2025 ж. «Наурыз нақыштары» көрмесі

2025 жылғы 15 наурыз, сағат 14:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған республикалық «Наурыз нақыштары» бейнелеу өнер туындылары көрмесінің ашылатынын қуана хабарлайды. Наурыз – бұл табиғаттың жаңаруы мен өмірдің қайта түлеуінің белгісі, бірліктің, молшылық пен жақсылықтың символы. Көктемгі шуақты күн, жанды жадырататын таза ауа мен көктемнің мың құбылған бояулары […]

14-23.03.2025 ж. Наурыз мерекесін тойлаудың он күндік тұжырымдамасы

ҚР Мемлекеттік Орталық музейі Наурыз мерекесін тойлаудың он күндік тұжырымдамасы аясында 2025 жылғы 14-23 наурыз аралығында бірқатар мәдени-танымдық іс-шаралар мен акциялар өткізеді. Он күннің әрқайсысы Қазақстан халқының бай дәстүрлері мен мәдениетінің көптүрлілігін, сондай-ақ қоғамның құндылықтарын бейнелейтін белгілі бір тақырыпқа арналады. 14 наурыз – Көрісу күні (Амал мерекесі): Наурызнама онкүндігінің бірінші күні Қазақстан Республикасының Мәдениет және […]

20.02.2025 ж. «Алтын Орда (Жошы Ұлысы) кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» көрмесі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі 2025 жылдың 20 ақпанында сағат 10.00 де «Алтын Орда (Жошы Ұлысы) кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» көрмесін ашады. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев Атырау қаласында 2024 жылдың 15 наурызында өткен Ұлттық құрылтайда «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында Жошы ұлысының негізі қаланғанына 800 жыл толғанына, еліміздің өткені, бүгіні […]