30.04.2025 ж. «Шоқаны бар ел –шоқтығы биік» көрмесі

2025 жылдың 30 сәуірі  күні сағат 11. 00-де қазақтың біртуар ғалымы, энциклопедист Шоқан (Мұхаммед Қанафия) Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына арналған «Шоқаны бар ел –шоқтығы биік» көрмесі ашылады. Көрмеге ҚР Мемлекеттік орталық музейі мен Алматы облысы, Кербұлақ ауданындағы Ш.Уәлихановтың «Алтынемел» мемориалдық музейі қорынан, сондай-ақ мұрағат қорынан алынған ұлы тұлғаның өмірі мен қызметіне қатысты экспонаттар қойылады. […]

01.05.2025 ж. «Яблоневая палитра» кәсіби суретшілер қауымдастығының «Судағы шеңберлер» атты көркем шығармашылық көрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2025 жылғы 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні сағат 14:00-де «Яблоневая палитра» кәсіби суретшілер қауымдастығының «Судағы шеңберлер» атты көркем шығармашылық көрмесін ашады. 1 мамыр Қазақстан Республикасы халқының ынтымағы мен бірлігін, достық қарым-қатынасын нығайтатын айтулы мереке. Бұл күн әртүрлі ұлттардың, мамандықтардың, діни конфессия өкілдерін, сондай-ақ еліміздің барлық суретшілері мен шығармашыл […]

23.04.2025 ж. «Кәсіптің күші – халықтың игілігі» атты көрмесі

2025 жылғы 23 сәуір күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы кәсіптер жылы» деп жариялауына орай «Кәсіптің күші – халықтың игілігі» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті. Көрменің мақсаты – ел дамуына жұмысшы мамандықтарының маңызын нақты еңбек адамдарының өмірі арқылы көрсету, еңбек ерлігінің тарихи жадысын сақтау және […]

17.04.2025 ж. Суретші Жазира Жанабаеваның «Антилабиринт» жеке көрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2025 ж. 17 сәуірі сағат 16.00-де суретші Жазира Жанабаеваның «Антилабиринт» жеке көрмесін ашады. Вернисажда «Тау», «Гүлдер», «Аспан денелері» және басқа да топтамалардан құралған туындылар қойылады. Көрменің мазмұндық өзегін автордың «Антилабиринт» атты картиналар сериясы құрайды. «Антилабиринт» –автордың өзі ойлап тапқан, бұрын-соңды болмаған ұғым. Бұл – әрбір жол міндетті түрде мақсатқа апаратын, […]

16.04.2025 ж. «Акварельді фреш-III» дәстүрлі көрмесі

2025 жылғы 16 сәуірде сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «Акварельді фреш-III» дәстүрлі көрмесінің ашылуы өтеді. Бұл музей мен «Акварельді фреш» клубының бірлесе ұйымдастырып отырған, Қазақстанның танымал акварельші суретшілерінің қатысуымен өтетін үшінші республикалық көрмесі. Көрмеге Ақтөбе, Көкшетау, Өскемен, Астана, Тараз, Шымкент және басқа да қалалардан келген белгілі суретшілер қатысады. Акварель бояуы – кескіндемедегі ең […]

11.04.2025 ж. Музей жұмыс істемейді

Құрметті музей қонақтары! 2025 жылдың 11 сәуірі күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі техникалық себептерге байланысты жұмыс істемейді. Қалған күндері музей әдеттегі кесте бойынша өз жұмысын жалғастырады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

05.04.205 ж. «Қарағым-ай» көркемөнер көрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде 2025 ж. 5 сәуірде сағат 14:00-де «Қарағым-ай» көркемөнер көрмесінің ашылуы өтеді. «Қарағым-ай» – сүйіспеншілікке, қамқорлыққа толы үндеу, қазақтың шексіз мейірімін білдіретін жүрекке жылы сөз. Көрме Индира Элиф Бадамбаева жетекшілік ететін ART студиясында білім алатын жиырмаға жуық қыз-келіншектердің өнер туындыларын ұсынады. Олардың әрқайсысы үшін кескіндеме өнері бір кездері алыс әрі қолжетімсіз […]

19.03.2025 «ШЫҒЫСТАН БАТЫСҚА ДЕЙІН» коллекциялық қуыршақтар көрмесі

2025 жылдың 19 наурызы күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі, «Art Dolls Collection_KZ» шығармашылық одағымен бірлесіп, «ШЫҒЫСТАН БАТЫСҚА ДЕЙІН» коллекциялық қуыршақтар көрмесін ашады. Қуыршақ өнері елімізде жаңадан дамып келе жатқан өнер түрі. Осыған қарамастан, «Art Dolls Collection_KZ» шығармашылық одағының құрамына кіретін бірқатар шеберлер бас қосып, Алматы, Астана, Риддер, Жаркент қалаларынан жиналған 21 шебер […]

15.03.2025 ж. «Наурыз нақыштары» көрмесі

2025 жылғы 15 наурыз, сағат 14:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған республикалық «Наурыз нақыштары» бейнелеу өнер туындылары көрмесінің ашылатынын қуана хабарлайды. Наурыз – бұл табиғаттың жаңаруы мен өмірдің қайта түлеуінің белгісі, бірліктің, молшылық пен жақсылықтың символы. Көктемгі шуақты күн, жанды жадырататын таза ауа мен көктемнің мың құбылған бояулары […]

14-23.03.2025 ж. Наурыз мерекесін тойлаудың он күндік тұжырымдамасы

ҚР Мемлекеттік Орталық музейі Наурыз мерекесін тойлаудың он күндік тұжырымдамасы аясында 2025 жылғы 14-23 наурыз аралығында бірқатар мәдени-танымдық іс-шаралар мен акциялар өткізеді. Он күннің әрқайсысы Қазақстан халқының бай дәстүрлері мен мәдениетінің көптүрлілігін, сондай-ақ қоғамның құндылықтарын бейнелейтін белгілі бір тақырыпқа арналады. 14 наурыз – Көрісу күні (Амал мерекесі): Наурызнама онкүндігінің бірінші күні Қазақстан Республикасының Мәдениет және […]