04.05.2026 ж. «ГҮЛДЕР ӘЛЕМІ» атты көркемөнер көрмесі
2026 жылғы 4 мамыр күні сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде Алматы қаласы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушылары дайындаған «ГҮЛДЕР ӘЛЕМІ» атты көркемөнер көрмесі ашылады. Көрменің мақсаты — шығармашылықтың жасқа шектеу қоймайтынын және кез келген жастағы адамдар үшін шабыттың, өзін-өзі танытудың әрі арт-терапияның көзі бола алатынын көрсету. Осы экспозиция үшін сұлулықтың, жаңарудың және […]
29.04.2026 ж. «Ертегі әлеміне саяхат» атты тәрбиелік іс-шара
ҚР Ұлттық орталық музейі мен Тоталды театр бірлесіп Инклюзивті балаларға арнап 2026 жылдың 29 сәуір күні «Ертегі әлеміне саяхат» атты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырады. Іс-шараның негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалардың өмір сүру сапасын жақсарту, олардың қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамыту және білім алуға тең мүмкіндік жасау. Аталған шара аясында балалар ертегі кейіпкерлерімен […]
30.04.2026 «Күш атасы – Қажымұқан» атты мәдени-танымдық іс-шара
2026 жылдың 30 сәуір күні ҚР Ұлттық орталық музейі мен Алматы қаласы ББ «Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығы» бірлесіп, қазақтың даңқты палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 155 жыл толуына арналған «Күш атасы – Қажымұқан» атты мәдени-танымдық іс-шара өткізеді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық спорттың дамуына өлшеусіз үлес қосқан тарихи тұлғаның өмір жолы мен […]
18.04.2026 ж. «ТАЙЛАҚ ТАБАН: дала өрнектері» мерейтойлық көрмесі
2026 жылы 18 сәуір күні сағат 12:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі «СИНЯЯ ЧЕРЕПАХА» бейнелеу және қолданбалы өнер студиясының 20 жылдығына арналған «ТАЙЛАҚ ТАБАН: дала өрнектері» мерейтойлық көрмесін ұсынады. Бұл көрменің негізгі мазмұндық бағыты – қазақ ою-өрнегі мен дәстүрлі киіз басу техникасы. Қазақ ою-өрнектерінің інішде «Тайлақ табан» деп аталатын дәстүрлі өрнек ерекше орын алады. Ол […]
17.04.2026 ж. «БІР АСПАН АСТЫНДА» халықаралық заманауи өнер көрмесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі мен Britrise Ltd (Лондон, Ұлыбритания) компаниясының ұйымдастыруымен 2026 жылы 17 сәуір күні сағат 16:00-де «БІР АСПАН АСТЫНДА» халықаралық заманауи өнер көрмесінің ашылуы өтеді. Көрмеге Шейх Рашид Аль Халифа және оның RAK (Бахрейн Корольдігі) қорының өкіл ретінде қатысуы біз үшін зор мәртебе. Ашылу салтанатына өзі келе алмаса да, оның жобаға атсалысуы […]
03.04.2026 ж. Суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде суретші Мадина Мұхтарованың «УАҚЫТПЕН АСТАСҚАН ЖОЛ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл жарқын мәдени оқиға Көрмеде 60-тан астам туынды ұсынылып, әрбір шығарма ішкі әуенге, уақыт динамикасына және образдың эмоциялық қуатына толы бірегей кеңістік қалыптастырды. Автор туындыларында натюрморт жанрына ерекше мән берілген. Суретшінің интерпретациясында бұл жанр жаңа сипатқа ие болып, […]
02.04.2026 «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биеналесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» республикалық көрме-биенналенің салтанатты ашылуы өтті. Бұл көрме – еліміздің бейнелеу өнеріндегі графика жанрының қазіргі даму үрдістерін айқындайтын, кәсіби суретшілер мен жас авторлардың шығармашылық ізденістерін тоғыстырған маңызды мәдени оқиға. Экспозиция аясында Қазақстанның әр өңірінен келген қылқалам шеберлерінің 150-ге жуық туындысы ұсынылған. Көрмеде станоктық графиканың әртүрлі бағыттары мен техникалары қамтылып, […]
30.03.2026 ж. «Өткеннің өнегесі – бүгіннің белесі» көрмесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесіп Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылғанына 80 жыл толуына орай музейдің археологиялық қоры негізінде «Өткеннің өнегесі – бүгіннің белесі» көрмесін ашты. Көрме Қазақстан археология ғылымның алғашқы академиялық экспедицияларының бірі – Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының (бұдан әрі – ОҚАЭ) 80 жылдығына орай ұйымдастырылды. 1946 жылы көрнекті […]
20.03.2026 ж. «Анам менің бояуларымда» көрмесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «Genius» даму орталығының ұйымдастыруымен «Анамның көркем келбеті» атты балалар көркемөнер көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Аталған көрме әрбір баланың өміріндегі ең жақын әрі қымбат жан — анаға арналған. «Анамның көркем келбеті» көрмесі баланың жан-жақты дамуына көркем білімнің маңызын, отбасыға деген құрметті қалыптастырудағы және рухани, отбасылық құндылықтарды нығайтудағы рөлін айқын көрсетеді. «Genius» […]
19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды. «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген сәулетшілер қауымдастығының барлық өкілдерін біріктіріп, келушілерге отандық сәулет өнерінің өткен тарихын және қазіргі даму барысындағы жетістіктерін кеңінен таныстырды. Көрмеде 1936 жылдан бергі Қазақстан […]