20.02.2025 ж. «Алтын Орда (Жошы Ұлысы) кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» көрмесі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі 2025 жылдың 20 ақпанында сағат 10.00 де «Алтын Орда (Жошы Ұлысы) кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» көрмесін ашады. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев Атырау қаласында 2024 жылдың 15 наурызында өткен Ұлттық құрылтайда «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында Жошы ұлысының негізі қаланғанына 800 жыл толғанына, еліміздің өткені, бүгіні […]
01.05.2025 ж. Фотобайқау «Мен және менің тазым»
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министірлігінің қолдауымен қазақтың — тазы ит тұқымын сақтап, көбейту және насихаттау мақсатында оқушылар мен отбасылар арасында республикалық « Мен және менің тазым»тақырыбында фотоконкурс жариялайды. Жұмыстар 2025 жыл 1 наурыздан 1 мамырға дейін қабылданады. Сұрақтар бойынша ұйымдастыру комитетіне хабарласа аласыздар. Алтынбекова Нуржанат Жоламановна, жұм. тел: +7 […]
28.02-02.03.2025 ж. «ҚЫЗҒАЛДАҚТАР УАҚЫТЫ» атты жәрмеңкесі
Наурыз – көктемнің басталуы, жарықтың салтанаты, табиғаттың оянып, жаңа өмірдің жандануы. Бұл мезгіл – күннің шуағы мен жылуы, үміт пен шабыттың кезеңі. Ал 8 наурыз – нәзіктік пен сұлулықты дәріптейтін, әйелдер қауымы үшін ең сүйікті мерекелердің бірі! Бұл күннің айрықша символы – қызғалдақтар, сондықтан біз «ҚЫЗҒАЛДАҚТАР УАҚЫТЫ» атты жәрмеңкемізді осы көркем гүлдің құрметіне арнадық. Өйткені […]
26.02.2025 ж. «Көктемгі рапсодия» көркемөнер көрмесі
2025 жылғы 26 ақпанда сағат 15.00-де ҚР Мемлекеттік орталық музейінде Алматы қаласының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Көктемгі рапсодия» көркемөнер көрмесінің ашылуы өтеді. Көрмеде 61 жастан 84 жасқа дейінгі 31 қатысушының акварель, гуашь, акрил және майлы бояу сияқты түрлі техникада орындалған 96 өнер туындысы ұсынылады. Жұмыстардың тақырыптық […]
24.01.2025 ж. Қадыр мырза Әлінің туғанына 90 жыл толуына орай «Өз елім менің» атты мәдени-танымдық іс шарасы
Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музейінде 2025 жылдың 24 қаңтар күні сағат 15:00 де белгілі ақын, аудармашы, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қадыр мырза Әлінің туғанына 90 жыл толуына орай «Өз елім менің» атты мәдени-танымдық іс шарасы өтеді. Нағыз қазақ- қазақ емес, нағыз қазақ- домбыра деп жырлаған белгілі ақын Қадыр мырза әлі 1935 жылы, 5 […]
22.01.2025 ж. Н.Г. Хлудовтың 175 жылдығына орай «Дала бояулары» атты көрмесі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2025 жылдың 22 қаңтар күні, сағат 15:00-де көрнекті суретші, этнограф, өлкетанушы, Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінің мүшесі, Орыс географиялық қоғамы Жетісу бөлімінің негізін қалаушы Н.Г. Хлудовтың 175 жылдығына орай «Дала бояулары» атты көрмесін ашады. Дәстүр мен әдет-ғұрыпты берік ұстану, ұрпақтар сабақтастығын өрбіту қашанда қазақ халқына тән қасиет болған. Қазақ халқы өзінің […]
15.01.2025 Лея Санатаның «Гүлдер құшағында» жеке көрмесі
2025 жылдың 15 қаңтары сағат 16:00 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде суретші Лея Санатаның «Гүлдер құшағында» жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. 1973 жылы дүниеге келген Лея Саната– бейнелердің құпиясын тереңнен ұғынып, бізді кенеп пен бояу арқылы өзге бір әлеммен таныстырады. Оның әрбір жұмысынан шексіз махаббат сезіледі. Әрбір картинасы өмір қуанышы мен тәтті сезімдерді оятып, адамның […]
Жаңа жыл кұтты болсын!
Жаңа Жылмен құттықтаймыз!
26.12.2024 ж. «Өнер құпиясы» атты жеке мерейтойлық көрмесі
2024 жылғы 26 желтоқсанда сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде суретші, педагог, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Шолпан Жақыпқызы Заманбекованың «Өнер құпиясы» атты жеке мерейтойлық көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Шолпан Заманбекова 1964 жылдың 30 қыркүйегінде Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін «Мата мен тоқыма бояуы» […]
20.12.2024 ж. «XXI ғасыр көшбасшылары және Қазақстанның танымал тұлғалары. Бірлескен шығармашылық» көрмесі
2024 жылғы 20 желтоқсанда, сағат 12:00-де Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «XXI ғасыр көшбасшылары және Қазақстанның танымал тұлғалары. Бірлескен шығармашылық» көрмесінің ашылуы өтеді. Жоба «Туған жер», «Біз біргеміз» және «Жаңа Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаларының негізгі бағыттары аясында жүзеге асырылуда. Ғаламдану, мәдени және әлеуметтік өзгерістер жағдайында ұлттық бірегейлікті сақтау – мәдени кодты, мұраны және қоғамдағы […]