05.03.2026 ж. «Балалық шақ пен көктем палитрасы» атты балалар шығармашылығы көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде көктемнің шуақты шағында, жаңару мен жаңғыру мерекесіне орай ұйымдастырылған, «АртУм» балалар студиясының «Балалық шақ пен көктем палитрасы» атты көрмесінің ашылуы өтті. 2024 жылы «Қазақстанның үздік кәсіпорны» мәртебесіне ие болған «АртУм» студиясы 13 жылдан астам уақыт бойы жас дарындардың шығармашылық әлеуетін шыңдап, өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастырып келеді. Көрмеде ұсынылған 40 туындыда […]

04.03.2026 ж. «Шығыстан Батысқа дейін» атты коллекциялық қуыршақтар көрмесі

ҚР Ұлттық орталық музей төрінде «Art Dolls Collection_KZ» (Арт Долс Коллекшн КЗ) шығармашылық одағының «Шығыстан Батысқа дейін» атты  коллекциялық қуыршақтар көрмесі ашылды. Қуыршақ өнері елімізде салыстырмалы түрде жас бағыт болғанымен, «Art Dolls Collection_KZ» шығармашылық бірлестігі аз уақыт ішінде кәсіби шеберлерді біріктіріп, саланың дамуына серпін берді. Коллекциялық қуыршақтар көрмесінің ҚР Ұлттық орталық музейінде екінші жыл қатарынан […]

02.03.2026 ж. «ҚОЛӨНЕР ТАРИХЫ» атты жеке көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде көрнекті қазақстандық суретші, ауқымды ұлттық жобалардың авторы Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды. Экспозиция суретшінің сан қырлы шығармашылық жолын айшықтайды. Автор үшін өнер –  үнемі алға ұмтылу, форманың кемелдігі мен мазмұн тереңдігін үйлестіру жолындағы үздіксіз ізденіс. Болат Мұхамедиев шығармашылық ғұмырында батыл эксперимент жасап, жанрлық және стильдік шекараларды кеңейтіп […]

25.02.2026 ж. «Жыр патшалығының алыбы-Жамбыл» атты музейлік сабақ

2026 жылдың 25 ақпан күні Ұлттық орталық музейде инклюзивті балаларға арналған «Жыр патшалығының алыбы-Жамбыл» атты музейлік сабақ өтеді. Музейлік сабақта Жамбыл Жабаев туралы бейнеролик көрсетіліп, музей қорынан алынған көрме ұсынылады. Оқушыларға шебер Роза Махмутова шимен тоқыған ақынның портретін көрсетіп шеберлік сабақ ұйымдастырады, сонда-ақ  домбыра шебері Асима Иманғалиевамен кездесу ұйымдастырылады. Жамбыл Жабаевқа арналған шараның негізгі мақсаты […]

25.02.2026 ж. «Ұлы жыр – ұрпаққа аманат» атты көрме іс-шарасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейіінде жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Ұлы жыр – ұрпаққа аманат» атты кеш өтті. Алатаудың ақиық қыранындай жыр нөсерін селдеткен ұлы жыраудың өмірі мен өнерін ұлықтауға арналған басқосуда  ҚР Ұлттық орталық музейінің ғалым хатшысы Ерсін Жайнақов ақын жырларының өміршеңдігіне тоқталса,  М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының […]

28.02.2026 ж. Archive Exhibition 2023–2026 көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі ашылды. Бұл – Қазақстан мен Орталық Азиядағы жас дизайнерлерге арналған ең беделді байқаулардың бірі – «Next Designer Award empowered by Visa» финалистерінің жұмыстарын ұсынатын ауқымды жоба. Бұл – жай ғана экспозиция емес. Бұл –дизайнерлердің жаңа буынының қалыптасу сатылары туралы баяндайтын  көркем шежіре. Көрмеде алғашқы батыл тәжірибелер […]

16.02.2026 ж. «Шамдар жанған сәтте» атты балалар шығармашылығының көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде Шығыс Жаңа жылы мен Шамдар мерекесіне орай ұйымдастырылған «Шамдар жанған сәт» атты балалар шығармашылығы көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Көрмеге Алматы қаласындағы бейнелеу өнері студиялары мен көркемсурет мектептерінің оқушылары қатысып, өз туындыларын ұсынды. Көрме 5 пен 17 жас аралығындағы алматылық жас суретшілердің басын қосып, кескіндеме мен графиканың түрлі техникасында орындалған 100 […]

13.02.2026 ж. «ИРАН – ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде: визуалды баяндау» тақырыптық көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «Иран ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізімінде: визуалды баяндау» атты тақырыптық фотокөрменің ашылу салтанаты өтті. Бұл көрме Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығымен бірлесіп ұйымдастырылған болатын. ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген Иран нысандары туралы көрме адамзаттың ортақ мұрасы ретінде танылған 29 тарихи-мәдени ескерткішті қамтиды. Фотоколлекцияда археологиялық кешендер мен көне сарай ансамблі […]

04.02.2026 ж. Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш және жылжымалы көрмесі

2026 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш пен жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Аталған мәдени іс-шара Алматы облысының музейлер бірлестігіне қарасты Мұқағали Мақатаевтың әдеби-мемориалдық музейі және Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжімен бірлесіп өткізілді. Іс-шараның мақсаты – Мұқағали Мақатаевтың өмірі […]

31.01.2026 ж. Ұстаз, сазгер, ақын, қоғам белсендісі Сұлтанова Салтанат Дүйсенқызының «Әкеге сағыныш» атты кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі ұстаз, сазгер, ақын, қоғам белсендісі Сұлтанова Салтанат Дүйсенқызының «Әкеге сағыныш» атты жас оқырмандарға арналған жинақ кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімін өткізді.​ Кітаптың негізгі өзегі – әке тұлғасы, отбасы құндылықтары, бала тәрбиесі мен ұлттық рух. Мерекелік шара барысында келушілер автордың шығармашылық жолымен танысып, кітапқа енген балалар өлеңдерінен үзінділер оқыды, автордың әндері орындалды. […]