Соңғы жаңалықтар

30.03.2026 ж. «Өткеннің өнегесі – бүгіннің белесі» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесіп Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылғанына 80 жыл толуына орай музейдің археологиялық қоры негізінде «Өткеннің

Подробнее »

03.04.2026 ж. Суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесі

2026 жылы 3 сәуір, сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Бұл көрме

Подробнее »

02.04.2026 «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биеналесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде 2026 жылдың 2 сәуірі сағат 15:00-де «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биенналенің ашылуы өтеді. Аталған көрме – Қазақстан бейнелеу өнерінің

Подробнее »

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

Подробнее »

04.02.2026 ж. Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш және жылжымалы көрмесі

2026 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш пен жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

Аталған мәдени іс-шара Алматы облысының музейлер бірлестігіне қарасты Мұқағали Мақатаевтың әдеби-мемориалдық музейі және Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжімен бірлесіп өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, оның әдеби мұрасының қазақ руханиятындағы маңызын көпшілікке таныту.

Әдеби-сазды кеш барысында ақынның келіні, әдебиет зерттеушісі Бақытгүл Айдарова, журналист Дүйсен Мағлұмов, ақын Бақыт Беделхан және Қазақ радиосы Алматы студиясының жетекшісі Бақыт Жағыпарұлы сөз сөйлеп, Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық жолы, азаматтық болмысы және поэзиясының көркемдік ерекшеліктері жөнінде ой бөлісті.

Кеш аясында ақынның таңдаулы өлеңдері оқылып, Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған әндер мен әдеби-сазды композициялар ұсынылды.

Сонымен қатар, іс-шара барысында Бақытгүл Айдарова Мұқағали Мақатаевтың қолданысында болған, қолының ізі сақталған тұрмыстық бұйымдарын, жеке күнделігін және ақын өлеңдерінің түрлі тілдерге аударылған жинақтарын Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінің қорына салтанатты түрде табыс етті.

Іс-шара аясында көрермендерге Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында орналасқан Мұқағали Мақатаевтың әдеби-мемориалдық музейі қорынан әзірленген арнайы жылжымалы көрме ұсынылды. Көрмеде ақынның жеке заттары,  өмір жолы мен шығармашылығын танытатын фотосуреттер, қолжазбалар мен кітаптар қойылды.

Әдеби-сазды кеш пен көрмеге мәдениет және өнер саласының өкілдері, әдебиеттанушылар, студенттер және қала тұрғындары қатысты.