Соңғы жаңалықтар

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағымен бірлесіп, 2026 жылы 19 наурыз күні сағат 10:00-де «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесін ашады. «ҮШ ҰРПАҚТЫҢ СӘУЛЕТІ»

Подробнее »

16.03.2026 ж. «Nomadic Art: Дала мәдениетінің жаһандық бейнесі» атты халықаралық фестиваль және  ғылыми-практикалық конференциясы

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі, Алматы қаласы әкімдігінің Туризм басқармасы мен Қазақстан этнодизайнерлер одағымен бірлесіп 2026 жылдың 16 наурызы күні сағат 11.00-де «Наурызнама» онкүндігі аясында,

Подробнее »

04. 03 2026 ж. «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және ұлттық сана» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2026 жылғы 4 наурызда ҚР Ұлттық орталық музейі қабырғасында мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдық мерейтойына арналған «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және

Подробнее »

25.02.2026 ж. «Қаңлы археологиялық деректер негізінде» атты көрме

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі мен Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты бірлесіп тарих ғылымдарының докторы, профессор Александр Николаевич Подушкиннің екі томдық «Қаңлы  мемлекеті б.д.д. II

Подробнее »

Қызметтері мен олардың төлемақылары

БИЛЕТТЕРДІҢ БАҒАЛАРЫ

Мектепке дйінгі жастағы балалар тегін
Ұлы Отан соғысына қатысушылар тегін
Мектеп оқушылар (бірінші, екінші, ушінші, төртінші залдарға кіреді) 300 теңге
Студенттер (бірінші, екінші, ушінші, төртінші залдарға кіреді) 700 теңге
Зейнеткерлер (бірінші, екінші, ушінші, төртінші залдарға кіреді) 700 теңге
Ересектер (бірінші, екінші, ушінші, төртінші залдарға кіреді) 1500 теңге
Шет елдік азаматтарға (барлық залдарға экскурсоводсыз) 5000 теңге
Шет елдік азаматтарға барлық экспозициялық залдарға қазақ, орыс, ағылшын тілінде шолу экскурсиялық  қызмет көрсетумен 10000 теңге
Алтын коллекциялар залы
(экскурсиялық қызмет көрсетумен)
1500 теңге

 

ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ (20 АДАМҒА ДЕЙІНГІ ТОП):

 
Экскурсия, 1 акад. сағат (мектеп жасындағы балалар) 2000 теңге
Тақырыптық экскурсия,1 акад. сағат 3000 теңге

Ескерту: Музейге ұжымдық келу кезінде, келушілер экскурсияға арналған төлемнен басқа, кіру ақысын төлейді.


Сіз музейге билеттерді біздің серіктестер арқылы онлайин түрде сатып ала аласыз Билет сатып алу (Ticketon)

Назар аударыныз, серіктестер арқылы сатып алынған билеттердің бағасы  музей кассасындағы билеттердің бағасынан өзгеше болуы мүмкін

Онлайн  сатып алу кезінде, музейге бару күнін мұқият тексеріңіз


МУЗЕЙ ҰСЫНАТЫН ҚЫЗМЕТТЕР 

Музей көрмелерді, фестивальдерді, жәрмеңкелерді, презентацияларды, брифингтерді, конференцияларды, форумдарды, балалар іс-шараларын және т. б. ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметтерді ұсынады.

  • Музей экспозициялары мен көрмелеріне шолу, тақырыптық экскурсиялар, музейлік сабақтар, квесттер өткізу.
  • Музей мамандарына музей ісін дамыту мәселелері бойынша тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру.
  • Халықтың әртүрлі санаттары үшін Қазақстан Республикасы тарихының әртүрлі мәселелері бойынша кеңестер беру.
  • Мекемелерде, оқу орындарында, әскери бөлімшелерде және т. б. Қазақстан тарихы бойынша көшпелі дәрістер мен көшпелі көрмелер ұйымдастыру.
  • Республиканың музейлеріне: облыстық, қалалық, аудандық, мемориалдық тарихи-мәдени, сондай-ақ кәсіпорындарда, ұйымдарда, институттар мен мектептерде және т. б. жұмыс істейтін қоғамдық музейлерге жан-жақты ғылыми-әдістемелік көмек көрсету.
  • Тарихи-мәдени сараптама жүргізу.
  • Келушілердің Қазақстанның  ғылым және мәдениет өкілдерімен, белгілі қоғамдық-саяси қайраткерлермен, тарихи оқиғаларға қатысушылармен кездесулер ұйымдастыру.
  • Басқа музейлер қорларындығы бұйымдар мен жәдігерлерді және жеке коллекциялардағы көркем бұйымдарды қалпына келтіру.
  • Музей экспонаттарының көшірмесін жасау.
  • Бейнетүсірілімдер жүргізу бойынша қызметтер: (деректі, көркем, ғылыми-білім беру түсірілімі, ролик, клип, сұхбат).
  • Музей Қазақстанның, жақын және алыс шет елдердің музейлерін, галереяларын, мұрағаттарын, ғылым, мәдениет және өнер қайраткерлерін — суретшілерді, мүсіншілерді, дизайнерлерді, ақындарды, жазушыларды, әртістерді, дипломатиялық корпус өкілдіктерін (шет елдердің елшіліктері мен консулдықтары), бизнес-құрылымдарды, туристік және жарнама агенттіктерін, БАҚ және т. б. ынтымақтастыққа шақырады.

Барлық есептеулер ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2020 ж. 15.09. № 254 бұйрығымен бекітілген «ҚР ҰММ» РМҚК көрсететін ақылы қызметтер мен жұмыстарға шарттық бағалардың  қолданыстағы Прейскурантына сәйкес жүргізіледі.