Билеттер
Мәзір
Билеттер

23.10.2026 ж. «Қазақстан: дәстүрлер, бейнелер, әуендер» атты республикалық көрме

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «Алмалы палитра» кәсіби суретшілер одағының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған «ҚАЗАҚСТАН: ДӘСТҮРЛЕР, БЕЙНЕЛЕР, ӘУЕНДЕР» атты республикалық көрменің ашылу салтанаты өтті.

Көрмеге «Алмалы палитра» шығармашылық қауымдастығының 40-тан астам кәсіби суретшісі қатысты. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшелері, шығармашылық зиялы қауым өкілдері мен өнер қайраткерлері бар.

Экспозиция туған жердің бай тарихына, ұлттық дәстүрлеріне, рухани құндылықтары мен табиғатының қайталанбас сұлулығына арналған көркем туындыларды біріктірді. Суретшілер өз еңбектері арқылы Қазақстанның өзіндік болмысын, ұлттық мәдениетіміздің байлығын, ата-баба даналығы мен ұрпақтар сабақтастығын бейнеледі.

Салтанатты ашылу барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі директорының орынбасары Асқар Мұратұлы Ахманов қатысушылар мен қонақтарды Республика күнімен құттықтап, суретшілерге шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тіледі. Сондай-ақ көрмені ұйымдастырушыларға отандық өнерді дамытуға және еліміздің мәдени мұрасын сақтауға қосқан үлесі үшін Алғыс хат табыс етті.

«ҚАЗАҚСТАН: ДӘСТҮРЛЕР, БЕЙНЕЛЕР, ӘУЕНДЕР» - туған Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің өнер арқылы өрнектелген көрінісі.