Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде «Өмір бояулары» атты балалар шығармашылығы көрмесі ашылды
2026 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде «ДАРиЯ» көркемсурет студиясы тәрбиеленушілерінің шығармашылығына арналған «Өмір бояулары» атты балалар шығармашылығы көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Көрме экспозициясына жас суретшілердің әртүрлі көркемдік техникада орындалған 100 туындысы қойылды. Портреттер, пейзаждар мен натюрморттар балалардың ішкі жан дүниесін, сезімдерін, қиялын және қоршаған ортаны өзіндік қабылдау ерекшеліктерін бейнелейді. Әрбір туынды жас авторлардың жарқын бояуларға, шынайы эмоциялар мен шығармашылық ізденістерге толы әлемге деген қайталанбас көзқарасын танытады.
Көрменің салтанатты ашылу рәсімінде құттықтау сөз сөйлегендер: Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі директорының орынбасары А. Ахманов, суретші-педагог, Еуразиялық суретшілер одағының мүшесі Алла Александровна Кобрина, өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Құрман Мұратаев, мектептегі білім беру саласының педагогі және әдіскері Алла Дмитриенко, «ДАРиЯ» көркемсурет студиясының өкілі Муслим Мурзаев, сондай-ақ студия директоры, дизайн магистрі, Қазақстан Республикасы суретші-педагогтерінің «Туман Арт» қауымдастығының мүшесі Татьяна Алимских болды.
«Өмір бояулары» көрмесі - жас суретшілердің шығармашылығымен танысуға мүмкіндік беретін мәдени іс-шара ғана емес, сонымен қатар өнер мен көрермен арасындағы өзара диалог алаңы. Балалардың туындылары әлемді шынайы әрі табиғи қабылдаудың, қоршаған ортаның сұлулығын байқай білудің және өз сезімдерін шығармашылық арқылы жеткізудің маңыздылығын көрсетеді. Экспозиция көркемдік білім берудің бала тұлғасын дамытудағы, қиялын қалыптастырудағы және жеке қабілеттерін ашудағы рөлін айқындайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі балалар шығармашылығын дамытуға қосқан үлесі және көрермендерге балалар өнерінің жарқын әрі шынайы әлемін танытатын көрмені ұйымдастыруға атсалысқаны үшін «ДАРиЯ» көркемсурет студиясына, оның жетекшісіне, педагогтеріне және жас суретшілеріне алғыс білдіреді.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |





