Соңғы жаңалықтар

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағымен бірлесіп, 2026 жылы 19 наурыз күні сағат 10:00-де «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесін ашады. «ҮШ ҰРПАҚТЫҢ СӘУЛЕТІ»

Подробнее »

16.03.2026 ж. «Nomadic Art: Дала мәдениетінің жаһандық бейнесі» атты халықаралық фестиваль және  ғылыми-практикалық конференциясы

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі, Алматы қаласы әкімдігінің Туризм басқармасы мен Қазақстан этнодизайнерлер одағымен бірлесіп 2026 жылдың 16 наурызы күні сағат 11.00-де «Наурызнама» онкүндігі аясында,

Подробнее »

04. 03 2026 ж. «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және ұлттық сана» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2026 жылғы 4 наурызда ҚР Ұлттық орталық музейі қабырғасында мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдық мерейтойына арналған «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және

Подробнее »

25.02.2026 ж. «Қаңлы археологиялық деректер негізінде» атты көрме

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі мен Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты бірлесіп тарих ғылымдарының докторы, профессор Александр Николаевич Подушкиннің екі томдық «Қаңлы  мемлекеті б.д.д. II

Подробнее »

01.11.2024 «Қазақстан. Қытай. Ресей. Қуат палитрасы» халықаралық фотокөрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «Қазақстан. Қытай. Ресей. Қуат палитрасы» халықаралық фотокөрмесі ашылды.

Көрмені ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры Харипова Рашида Ерімқызы ашып, бұл бірегей шара Қазақстан, Қытай және Ресей арасындағы мәдени және стратегиялық байланыстарды нығайтуға бағытталғанын, сондай-ақ көршілес елдерді барлық саладағы серіктестік қарым- қатынастар мен ынтымақтастық байланыстыратынын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Консулы Сорокина Наталия Геннадиевна көрменің ашылуымен құттықтап: «Фотоөнер саласындағы мәдени кәсіби қауымдастықтар арасындағы өзара ынтымақтастық пен байланысты күшейту, сондай-ақ келушілерді үш елдің мәдениетімен, дәстүрлерімен және қазіргі дамуымен таныстыру бүгінгі фотокөрменің басты мақсаты», — деді өз сөзінде.

Мәдени шараның құрметті қонақтарықатарында Кәсіби Фотографтар Лигасының Президенті Ксения Лебедь, «Цифрлық фотосуретшілер мен фотографтар» Одағы қоғамдық қорының Президенті Дарье Дунич те бар.

«Қазақстан, Қытай, Ресей. Қуат палитрасы» көрмесінде үш елдің табиғатының сұлулығы мен мәдени мұрасын, сондай-ақұлттық құндылықтары мен даму жетістіктерін көрсететін 600 фотосурет ұсынылды. Біз бұл көрме мәдени байланыстарды нығайтудағы және елдер арасындағы ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер жасаудағы маңызды қадам болатынына сенімдіміз.

Ұйымдастырушылар:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Қазақстанның жетекші мәдени-білім беру орталығы, ол тарихи мұраны, мәдени және білім беру бастамаларын дамытумен танымал етуге белсенді ықпал етеді.

Қытайдың ғылыми-танымдық фильмдер мен телебағдарламалар қауымдастығы — ғылыми және білім беру контентін ілгерілетумен, мәдени байланыс пен ынтымақтастық үшін бар күшін салады.

«Фото және видеотүсірілім» журналы — қытайдың жетекші басылымы, фотография мен фидеотүсірілімнің заманауи жетістіктеріне, сондай-ақ мәдени байланыс пен кәсіби дамуға арналған.

Ресейдің кәсіби фотографтар лигасы — 2014 ж. Ксения Лебед негізін қалаған, фотографтарды біріктіретін алаң болып табылатын бүкілресейлік коммерциялық емес ұйым. «Біз Еуропалық дипломдар мен біліктілік алуға көмектесеміз, көрмелдер, дәрістер ұйымдастырамыз, сауда көрмелеріне қатысамыз. Лиганың басты міндеті — көпшілікке жогары сапалы суреттерді насихаттау».

«Фотографтар мен цифрлық фотосуретшілер одағы» ҚБ-ң президенті Дарья Дунич: «Бірлестік өнерге және жалпы фото мәдениеттің дамуына ұқсас көзқарастары бар кәсіби фотографтар мен фотоәуесқойлар мүддесін білдіреді».