Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде суретші Мадина Мұхтарованың «УАҚЫТПЕН АСТАСҚАН ЖОЛ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.
Бұл жарқын мәдени оқиға Көрмеде 60-тан астам туынды ұсынылып, әрбір шығарма ішкі әуенге, уақыт динамикасына және образдың эмоциялық қуатына толы бірегей кеңістік қалыптастырды.
Автор туындыларында натюрморт жанрына ерекше мән берілген. Суретшінің интерпретациясында бұл жанр жаңа сипатқа ие болып, үйлесім, жарық және өзіндік арт-терапия кеңістігі ретінде көрініс тапты.
Көрменің ашылуында құттықтау сөз сөйлегендер қатарында музейдің ғылыми хатшысы Ерсін Жайнаков, қоғам қайраткері, облыстық мәслихат депутаты Төрегелді Қалмұратов, өнертанушы Мария Жұмағұлова және көрме авторы Мадина Мұхтарова болды. Олар көрменің қаланың мәдени өміріндегі маңыздылығын ерекше атап өтті.
Көрме көрерменмен шынайы диалог алаңына айналып, әр адамға өзіне тән мағына табуға, бір сәт аялдап, «уақыт әуенін» сезінуге мүмкіндік берді.
Экспозиция 16 сәуірге дейін жалғасады. Баршаңызды көрмені тамашалауға шақырамыз!