Соңғы жаңалықтар

13.02.2026 ж. «ИРАН – ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде: визуалды баяндау» тақырыптық көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі 2026 жылғы 13 ақпанда сағат 16.00-де Алматыдағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығымен бірлесе отырып, «ИРАН – ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде:

Подробнее »

04.02.2026 ж. Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш және жылжымалы көрмесі

2026 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш пен

Подробнее »

31.01.2026 ж. Ұстаз, сазгер, ақын, қоғам белсендісі Сұлтанова Салтанат Дүйсенқызының «Әкеге сағыныш» атты кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі ұстаз, сазгер, ақын, қоғам белсендісі Сұлтанова Салтанат Дүйсенқызының «Әкеге сағыныш» атты жас оқырмандарға арналған жинақ кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімін өткізді.​

Подробнее »

16.01-11.02.2026 «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты жаңа жылжымалы көрме

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде Қазақстандағы Эстония Республикасының Елшілігінің қолдауымен, Эстонияның Ұлттық музейі әзірлеген «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты бірегей жылжымалы көрменің салтанатты ашылу рәсімі

Подробнее »

31.12.2025 ж. Жаңа жылдарыңызбен!

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі жаңа жылдарыңызбен құттықтайды! Сізге мерекелік көңіл-күй, өмірде сәттілік және қызықты оқиғалар тілейді! Сіздерді жаңа 2026 жылы музейде күтеміз! Музей 2026

Подробнее »

26.12.2024 ж. «Өнер құпиясы» атты жеке мерейтойлық көрмесі

2024 жылғы 26 желтоқсанда сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде суретші, педагог, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Шолпан Жақыпқызы Заманбекованың «Өнер құпиясы» атты жеке мерейтойлық көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Шолпан Заманбекова 1964 жылдың 30 қыркүйегінде Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін «Мата мен тоқыма бояуы» мамандығы бойынша тәмамдаған, ал 2009 жылы Бішкек қаласындағы Т.Арабаев атындағы университеттің бейнелеу өнері кафедрасын бітірген.

Өзінің кәсіби еңбек жолын Қарағанды қаласындағы «Салтанат» тоқыма фабрикасында суретші-модельер ретінде бастаған. Кейін Алматы және Жаркент қалаларында суретші-декоратор және безендіруші болып жұмыс істеді. 2004 – 2023 жылдар аралығында Жаркент қаласындағы «Әбілхан Қастеевтің көркем галереясында» экскурсовод және бас сақтаушы қызметтерін атқарды. Сол жерде балаларға арналған бейнелеу өнері студиясын ашып, оқыту жұмыстарымен айналысты. 2007 – 2017 жылдары «Экономика және қаржы» колледжінде «Мәдениеттану» және «Психология» пәндерін оқытты. 2021 – 2023 жылдары «Арт-спорт Жалын» балалар орталығында бейнелеу өнері пәнінің оқытушысы болды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде кескіндеме және графика бойынша суретші-қалпына келтіруші болып қызмет атқаруда.

40 жылдан астам шығармашылық, оның ішінде 21 жылдық музейлік қызметі барысында Шолпан Жақыпқызы ұлттық мәдениетті дамытуға және сақтауға зор үлес қосып, өз білімі мен тәжірибесін жас ұрпаққа үйретіп келеді. Білікті ұстаздың шәкірттері бүгінде әртүрлі салаларда табысты еңбек етуде.

Шолпан Заманбекованың шығармашылығы сан қырлы. Ол сәндік-қолданбалы өнер, батик, кескіндеме және графика сынды түрлі техникаларда жұмыс істейді. Бірқатар туындылары қазақтың тарихы («Қазақтың таңбалары», «Ортағасырлық қалалар», «Сарайшық аңызы») мен дәстүрлі өнеріне арналған. Шығармашылығындағы ерекше орынды туған өлкесінің табиғатынан шабыт алған туындылары алады. Жаркент алқабының сұлулығын паш ететін акварельдік картиналары («Күз», «Таң»), Жетісу пейзаждарындағы нәзік лиризм («Қаңтар», «Лесновка», «Сарқан», «Арқас тау», «Шежін»), жайлы аула мен бақ бейнелері («Менің бағымда»), Астана көріністері («Есіл», «Астана») және ана тақырыбы («Ана мейірімі») көрермендерді бейжай қалдырмасы анық. «Болашақ Жаркент» сияқты туындылары ел мен туған жердің даму кезеңдерін бейнелейді.

Шолпан Заманбекова – Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі және Қазақстан Республикасының Көркемөнер академиясының корреспондент-мүшесі.

Ол көптеген халықаралық, республикалық және өңірлік көрмелер мен байқауларға қатысқан, соның ішінде: «Наурыз» (Қытай, СЭЗ, 2013 ж.), Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрме (Алматы, 2015 ж.), «Жер жаннаты – Жетісу» (2019 ж.), «ҚРКСА – 15 жыл» (Алматы, 2022 ж.), «Туған жерім – тұғырым» пленэрі (Талдықорған, 2023 ж.), Ахмет Жұбановтың 95 жылдығына арналған көрмені (2023 ж.) атап өтуге болады. Ол Қазақстан Суретшілер одағының, ҚР Мәдениет министрлігінің «Құрмет грамотасымен» (2021 ж.) және Жетісу облысы мен Панфилов ауданы әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталған.

Суретшінің еңбектері Қазақстанның, сондай-ақ жақын және алыс шетел музейлері мен жеке коллекцияларында сақтаулы. Мерейтойлық көрмеге автордың 60-тан астам туындысы ұсынылады.