Соңғы жаңалықтар

03.04.2026 ж. Суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесі

2026 жылы 3 сәуір, сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде суретші Мадина Мұхтарованың «Уақытпен астасқан жол» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Бұл көрме

Подробнее »

02.04.2026 «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биеналесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде 2026 жылдың 2 сәуірі сағат 15:00-де «ҚАЗАҚСТАН ГРАФИКАСЫ» атты бірегей республикалық көрме-биенналенің ашылуы өтеді. Аталған көрме – Қазақстан бейнелеу өнерінің

Подробнее »

19.03.2026 «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық музейі Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағымен бірлесіп, «ҮШ ҰРПАҚ СӘУЛЕТІ» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырды. Көрме Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналды.

Подробнее »

24.01.2025 ж. Қадыр мырза Әлінің туғанына  90  жыл толуына орай «Өз елім менің» атты мәдени-танымдық іс шарасы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музейінде 2025 жылдың 24 қаңтар күні сағат 15:00 де  белгілі ақын, аудармашы, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты   Қадыр мырза Әлінің туғанына  90  жыл толуына орай «Өз елім менің» атты мәдени-танымдық іс шарасы өтеді.

Нағыз қазақ- қазақ емес, нағыз қазақ- домбыра деп жырлаған белгілі ақын Қадыр мырза әлі 1935  жылы, 5 қаңтарда дуниеге келген. 11 жасында өлең жазуды бастаған  ақынның бүгінде 50 ден астам поэзиялық жинақтары, әдеби -сыни және балалар кітаптары жарық көрді. Халқымыздың ардақты азаматы, қазақ поэзиясының ойшыл ақыны Қадыр Мырза Әлі шығармаларының шоқтығы биік. Ол ғажап теңеулер келтіріп, философиялық  ойлармен түйін тую арқылы қазақтың қара өлеңін заңғар шыңға шығарды. Ғұмырының соңына дейін қаламды жанына серік еткен ақынның артында өлмейтұғын сөз бен өшпейтұғын із қалды.

Көрермен назарына музей қорында сақталған Қадыр Мырза Әлінің  фото -құжаттары ұсынылады. Атаулы шараға Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика, филология факультетінің студенттері, А.Жұбанов, К.Байсейітова өнер мектептерінің оқушылары көреремен ретінде шақырылды.

Шараның мақсаты өскелең жас ұрпаққа ақынның шығармашылығын насихаттап,  өлеңдерімен сусындату, ұлттық құндылықтарымызды  ұлықтау.